Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық код және ата-ана жауапкершілігі - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық код және ата-ана жауапкершілігі

Ақмола облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен, облыстық ішкі саясат басқармасының әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру аясында Щучинск қаласында ІІ облыстық әкелер форумы өткізілді. Форумды Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы, облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрайымының орынбасары Гүлжанар Шөкеева, Бурабай ауданының әкімі Қанат Қарауылов, «Қазақстан Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қуаныш Жұматаев құттықтау сөзбен ашып, үкіметтік емес ұйымның қоғамдық қатынастардағы қызметіне табыстар тіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы және «Астана қаласының әкелер одағы» қоғамдық ұйымымен бірлесіп, 2016 жылдың 28 қазан күні Астана қаласында республикалық әкелер форумын өткізді. Форум аясында өзекті мәселелер мен әкелер институтының қазіргі қоғамдық үрдістерге сәйкес алдағы қойылған жоспарларды талқылап, бекітті. Сондай-ақ, «Қазақстанның Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігін құру жөнінде шешім қабылданды.
Әлеуметтік маңыздылығын ескере отыра аталған бастама республикамызда кең өріс алып, Ақмола облысында да өз жұмысын табысты атқаруда. Сондай-ақ, жекелеген мекемелерде құрылып жатқан Әкелер кеңестері мен клубтары белсенділігімен танылып отыр.
Форумның мақсаты Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасында алға қойылған міндеттерге сай, өскелең ұрпақ тәрбиесінде әкелердің рөлін арттыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау, облыстағы әкелер қозғалысы қызметін дамыту болып табылады.
Форум аясында Қазақстан Әкелер одағының, облыс аудандары мен қалалары Әкелер кеңестерінің мүшелері, педагогтар, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Отбасы тәрбиесіндегі әкелер рөлін жоғарылату» тақырыбындағы семинар-тренингі және «Отбасы – ұлт тірегі» кездесуі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, модераторлар, Алматы қаласындағы «ABRIS AIM» ЖШС директоры, коуч-тренер Ақан Мергенбаев пен Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкееваның жетекшілігіндегі екі секциялық сабақтар өткізіліп, пленарлық мәжілісте қоғамдық ұйым белсенділерінің баяндамалары тыңдалды.
Бұнымен бірге, облыстың беделді әкелерін Қазақстан Әкелер одағының «Қамқор Әке» медалімен және үлгілі әкелерін Ақмола облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның «Қадірлі Әке» мадақтамасымен, «Әкем – мақтанышым, жүрегім, жан досым, Анам –
сүйенішім, қос шынарым» облыстық шығармалар байқауының жеңімпаздарын және «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қорының алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі өткізілді.
Облыстық форум қызмет өрісін кеңейтуге бағытталған тұғырнамалық құжат қабылдады.

Бақберген Амалбеков.

Бурабай ауданы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар