Жастар еңбегі еленді

Көкшетау қаласындағы орыс драма театрында жастар және студенттер жасақтарының облыстық «Жасыл ел» 14-ші еңбек маусымының жабылуы рәсімі өткізіліп, қоршаған ортаны жасыл-желекке айналдырып, аймағымызды көгалдандыруға үлес қосқан еңбек жасақтарының жұмысы қорытындыланды.

Шараға облыстық жастар саясаты мəселелері басқармасының басшысы Тимур Ысқақов, мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың, жастар ұйымдарының өкiлдерi, «Жасыл ел» облыстық және қалалық штабтарының басшылары мен менеджерлерi, жастар еңбек жасақтарының сарбаздары қатысты.
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Жасыл ел» бағдарламасының қолға алғанына биыл 14 жыл болды. Осы аралықта жастардың еңбек жасақтары мен экологиялық отрядтар аймақты көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына атсалысып келеді. Ақмола облысындағы еңбек жасақтары экологиялық республикалық шараларға да белсенді қатысады. Биылғы жылы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының 14-ші республикалық еңбек маусымының ашылуы көп нәрсені аңғартты, – деді Тимур Ысқақов құттықтау сөзінде.
Сонымен қатар, салтанатты шарада биылғы еңбек маусымында белсенділік танытып, көзге түскендер «Үздік отряд», «Үздік командир», «Үздік сарбаз» және «Үздік жастар ресурстық орталығы» аталымдары бойынша марапатталды.
Шарада айтылғандай, биылғы жылы «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы жастарды жұмысқа орналастыру бойынша Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатта пайдалануды реттеу басқармасына қарасты 12 орман шаруашылығы қатысты. Бұдан бөлек, «Мұсабаев А.Е.» ЖК, Бурабай ауданындағы «Тазалық сервис» коммуналдық кәсіпорны, Жақсы ауданындағы «Пластик строй» ЖК, Шортанды ауданындағы «Ысқақов Н.Н» ЖК, «Егіндікөл жастары» ЖҚБ, Степногорск қаласындағы «Құрылыс МТК» ЖШС, Көкшетау қаласындағы «Көкшетау ДЭУ» ЖШС және «Көкше-Тазалық» ЖШС тәрізді компаниялар да үлес қосқан.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар