Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тарихтың еншісіндегі құндылықтарымыз аз емес - АРҚА АЖАРЫ

Тарихтың еншісіндегі құндылықтарымыз аз емес

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының біздің бағыт-бағдарымыздың ұстынына айналуының өзі тәуелсіздігіміздің арқасы. Тәуелсіздігіміз болмаса, рухани кем-кетігімізді түгендей алар ма едік?!. XVIII ғасырда қазақ халқының басын біріктіріп, мемлекет құруды ойлаған Абылай ханның бұл арман-аңсарын XX ғасырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев орындады. Елбасымыздың көрегендік саясатының нәтижесінде 130-дан астам ұлт өкілдері мекен еткен елімізде тұрақтылық пен ұлтаралық келісім орнады.

Жұмыр жерде қанша ұлт болса сонша мемлекет болуы керек, бірақ әлем дамуының тарихы көрсетіп отырғандай, өмір заңдылығы қатал. Көптеген ұлттар осы күнге жетпей түрлі себептермен жо-
йылып кетті. Сондай-ақ, саны жағынан көп үлкен ұлттың құрамына кірген ұсақ, ұлттар біртіндеп саяси және мәдени қысымның салдарынан күштеп жүргізілген ассимиляцияға ұшырап жойылуда. Ұлттар санының жасанды кемуін бұрынғы КСРО-да жасалған халық санағының нәтижелерінен көруге болады. Мәселен, 1926 жылы жүргізілген алғашқы халық санағы бойынша мемлекетте 178 ұлт өкілдері тұратын болса, 1956 жылы 109-ға дейін қысқарған.
Қазіргі таңда әлемнің мыңдаған ұлттары ғасырлар бойы жүргізілген тарихи сұрыптаудың нәтижесінде 200-ден астам мемлекеттің құрамында топтасқан. Осыдан көріп отырғанымыздай, мыңдаған ұлттардың ана тілдері, төл тарихы мен салт-дәстүрлері ұмытылып шектелген.
Осы тәуелсіз 200 мемлекеттің ішінде көк байрағын биік көтерген әлемдік өркениетке далалық көшпелі мәдениетті сыйлаған көк түріктің ұрпағы – қазақ елі де бар. Ата-бабамыз ақ білектің күшімен, көк найзаның ұшымен бізге ұлан-ғайыр кең байтақ жерді қалдырып, нәтижесінде жер көлемінен аталған елдердің ішінде тоғызыншы орында тұрмыз.
Бүгінгі тәуелсіздік халқымыздың ғасырлар бойы жүргізген азаттық күресінің нәтижесі. Азаттық, еркіндік, тәуелсіздік жолындағы күресте қолына қару алып, ұлт-азаттық қозғалыстарды басқарған қаһарман батырлармен қатар, Алаш қозғалысының өкілдері де өздерінің қоғамдық қызметі мен шығармашылықтары арқылы халықты ұйқыдан оятуға тырысып, рухани-идеологиялық күрес жүргізді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 21-ші қараша күні жариялаған өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында тарихи сананы жаңғырту қарастырылған. Осыған орай, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде, әсіресе, жаһандану заманында ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпай сақтап қалу үшін өткен тарихымызды әрқашан ақиқатпен зерделеуіміз қажет.
«Кешегісіз бүгін жоқ, бүгінсіз ертең жоқ» дегендей, болашақ ұрпақтың ұлтжанды, саналы азамат болып қалыптасуында тәлім-тәрбиенің атқаратын рөлі зор. Ай мен күннің аманында солақай саясаттың салдарынан қырғынға ұшыраған қазақтың саны мен сапасына үлкен нұқсан келді. Алдымен бүкіл қазақ даласын шарпыған аштықтан онсыз да саны аз халқымыздың миллиондаған перзенттері қырылса, елінің қамын ойлап идеологиялық күрес жүргізген азаттық пен тәуелсіздікті армандаған бетке ұстар ұлт қаймағы – қазақ зиялылары ешбір кінәсіз қуғын-сүргінге ұшырады. Ең жанға бататыны, нақты халқының адал, да батыл біртуар перзенттерін тоталитарлық қудалау машинасы «халық жаулары», «шетел тыңшылары» деп айыптады.
Алаш партиясы қатарына кіргендер саны 300-ге жетер-жетпес қана болған екен. Бірақ, олар жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар еді. Отарлаушылар сайын даланың серкелерін уысынан шығармау үшін небір құйтұрқы саясат жүргізіп, араларына от тастау, арандату, жанжалға итермелеу амал-шарғыларын іске қосса да, Алаш зиялылары жеке басының қамын ойламай, ұлт азаттығын ұлы мақсатқа айналдырды.
Алаш зиялылары сол заманда елі мен халқының алдында өздеріне жүктелген жауапкершілікті түсініп, қудалау мен жазалаудан жасқанбай батыл әрекет етті. Әртүрлі мамандық иелері болған алаш арыстары азаттық деген кезек күттірмес ең негізгі мәселені түсініп, барлығы да сан бұрмаланып ұмытылуға жақындаған елінің ақиқатты төл тарихын, тілін, мәдениетін зерттеумен айналысты. Осындай шығармалары арқылы олар қазақтың санасына әсер етіп, бодандық бұғаудан босануға шақырды.
Еліміздің тоталитарлық жүйеден босанып тәуелсіздік алғанына жиырма жеті жыл болды. «Осы уақыт аралығында біз қай жерге келіп жеттік?», – деген сұраққа жауап берсек, еліміздің әлемдік саясаттағы және әлеуметтік-экономикалық саладағы қол жеткен жетістіктерін ауыз толтырып айта аламыз. Қазақстан Республикасының 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі біздің ішкі және сыртқы саясаттағы жетістіктеріміздің әлемдік қауымдастық тарапынан мойындалуы болды. 2017 жылы өткен халықаралық ЭКСПО көрмесі экономикалық жетістіктерімізді паш етті.
Тарихты жеңімпаздар жазатынын баршамыз білеміз. Біз қазіргі таңда 260 жыл ішінде 300-ге жуық көтеріліс жасаған ата-бабаларымыздың арманы болған тәуелсіздікке қол жеткізген жеңімпаз халықпыз. Сондықтан да, ақиқатты, тарихты жазып, насихаттау біздің алдымызда тұрған қасиетті борыш.

Марат ӨТЕГЕНОВ,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар