Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қыздың көркі сүмбіл шаш - АРҚА АЖАРЫ

Қыздың көркі сүмбіл шаш

Кем дегенде аптасына бір рет сіз шашыңызға арнайы күтім жасауыңыз керек. Көптеген қыздар үй жағдайындағы шаралар жайлы біле бермейді. Сол себепті, назарларыңызға пайдалы әрі оңай кеңестер ұсынамыз:

►Жұмыртқаның сарысын бірнеше ас қасық арзандау бір коньякпен араластырыңыз. Шашқа жағып, 20 минуттан кейін жуып тастаңыз.
► Шашқа, бас терісіне айран, майонез немесе простокваша жағуға болады. Содан соң полиэтиленді пакетпен, жылы орамалмен орап, 20 минут күту керек. Қоспаны шөптерден жасалған қайнатпамен жуып, шаюға болады. Бұл маска шашыңызды тазартып, нәрлендіреді.
► Әдетте пайдаланатын сусабыныңызға 1 жұмыртқа, 1 ас қасық құрғақ желатин мен 1 шай қасық коньяк қосыңыз. Ақырындап көпіршітіп, бір тұтас қоспа болғанынша араластырыңыз. Бұл қоспамен басыңызды жуыңыз. Желатин мен жұмыртқаның құрамындағы ағуыз шашыңызды қалың әрі жылтыр етеді.
►Сусабын құтысына 2 ерігіш аспирин таблеткасын салып, ерітіңіз. Шашыңызды жуған соң тарау да жеңіл болады.
►Сусабынға Е, В, Р сияқты әртүрлі дәрумендерді қосуға болады. Барлық дәрумендер кез келген дәріханада қол жетімді бағамен сатылады. Сонымен қатар, әртүрлі эфир майларын да қосуға болады: лимон, қазтамақ (герань), лаванда эфир майлары. Шашыңыз тез кірленбей, жеңіл таралатын болады.
► Дымқыл шашқа йодталған тұзды уқалап жағуға болады. Бұл әдісті 10 рет қайталаған абзал. Бұдан кейін шашыңыздың түсуі де тоқтайды. Қоспаны жақсылап жуып тастау керек.
►Шашыңыз ұшталатын болса, ал масканы жасауға ерінетін болсаңыз, шаштың ұшына ошаған, майсана, зығыр, тіпті өсімдік майын жағып қойыңыз. Май кез келген мәселені шеше алатын қасиетке ие. Алайда, оны шаштан жақсылап кетіріп, жуу керек. Майды аз-аздан жаққан абзал, әйтпесе кетіру де қиын болады. Бұл әдісті 2-3 рет қайталаған жөн.
► Шашқа арналған арнайы ампуланы да пайдалануға болады. Алдымен оны 5 минутқа ыстық суда ұстап, сосын бар шашқа жағу керек. Егер де сағаттап отыратын уақытыңыз болмаса, полиэтиленді пакеттің орнына шашты фольгамен орауыңызға болады. Ол бұл рәсімді екі есе уақытқа қысқартады.
►Шашты жуғаннан кейін түймедақ, қалақай, құлмақ, аққайың жапырақтары секілді шөптерден жасалған тұнбамен шайған жөн. Шашыңыз жұмсарып, тезірек өседі. 1 литр суға 3-4 ас қасық шөп жеткілікті. Сондай-ақ, арақ қосылған қоспамен де шаюға болады, ол үшін 1 литр суға 1 ас қасық арақ жеткілікті болады.
► Орташалау пиязды дөңгелектеп кесіп, жарты стақан ромға салып, 24 сағатқа қалдырыңыз. Сүзіп алып, қалған сұйықтықты басыңызға жағыңыз. Бұл әдіс шаштың түсуі кезінде қолданылатын ем.

Massaget.kz сайты бойынша дайындаған
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар