Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Қаныкей» мазары - АРҚА АЖАРЫ

«Қаныкей» мазары

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінде айтылған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында өткізілген шаралардың нәтижесінде біздің Ақмола – Көкшетау өңірлері бойынша республикалық және облыстық киелі орындар тізімі жасалған болатын. Біз бүгін өз оқырмандарымызды Қорғалжын ауданындағы «Қаныкей» мазары жайлы деректермен таныстырып отырмыз.

Қаныкей мазары XVII ғасырдың ескерткіші болып саналады. Шамамен осыдан үш жүз жыл бұрын Қорғалжын жері қазақ пен қалмақтар арасында шекара болып саналып, бір-бірімен жиі-жиі басып алынып отырды. Соғыс жорықтарының біріне ханның 15 жасар сұлу қызы Қаныкей де аттанады. Қазақтардан жеңіліс тапқан қалмақтар кейін шегінуге мәжбүр болады.
Шегініс барысында атпен шауып келе жатқан Қаныкей, аты шалынып құлап, қаза табады. Бойжеткен жазық далада жерленіп, қыш кірпішпен зират орны қоршалады. Уақыт өте келе қазақтар өз жерлерін босатқан соң, сол жерлерге қоныстана бастайды. Өркендеу деген жерге Өтеқара деген бай өз ауылымен қоныстанады.
Бірнеше жылдардан соң Байбек деген жалғыз баласынан айырылған Өтеқара баласы жатқан бейітке мазар тұрғызады. Бекболат шеберге ескерткіш мазардың құны жиырма жылқымен өтеледі. Қаныкейге қатысты аңыз ел ішінде кең тарағандықтан, Байбек Өтеқара деген ат айтылмай, оның орнына мазарды «Қаныкей мазары» деп атаған. Бұл мазарды алғаш 1979 жылы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері зерттеген болатын.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар