Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тігін цехының тындырымды ісі - АРҚА АЖАРЫ

Тігін цехының тындырымды ісі

Жеке кәсіпкер Бархан Оспанова дүкенінің ішінен тігін цехын ашып, 2011 жылдан бері іс тігумен айналысып келеді.

Шағын кәсіпорында он екі адам еңбек етеді. Екі тігінші жұмысқа аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы орналасқан. Биыл жеке кәсіпкер тігін машиналары мен қондырғыларын сатып алды. Тігіншілер негізінен, әртүрлі киім мен киіз үйдің жабдықтарын, қыз жасауы мен ұлттық бұйымдарды тігеді.
Биылғы жылы Есіл қаласындағы №1 орта мектептің төрт жүз оқушысына мектеп формасын, музыка мектебі мен орта мектептерге қазақтың ұлттық киімдері мен концерттік киімдер тігіп берді. Сондай-ақ, чистопольдықтардың әртүрлі ұлттық киімдері де осы шебер тігіншілердің қолынан шыққан. Мұнда қой мен түйе жүні де өңделіп, соңғысынан көрпе тігіледі.
Рамазан ТІЛЕУОВ.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.
Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар