Саяси мәдениет жоғары болуы керек

Көкшетау қаласында Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ғалым Шойкиннің қатысуымен «Намыс» саяси пікірталас клубының отырысы болып өтті.

«Саяси партиялардың, сайлаудағы қоғамдық бірлестіктердің қатысуы. Сайлау науқаны кезінде қызметтің құқықтық негізі» атты тақырыпта өрбіген, мемлекеттік тапсырыс аясында өткен іс-шара қоғамдық бірлестіктер басшылары мен саяси көшбасшылардың арасында саяси және азаматтық мәдениетті дамыту бағытында жалғасын тапты. Отырыс модераторы, «Наше право» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владислав Шуль Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау науқаны кезінде саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің сайлауға жұмыла қатысуы мен ҮЕҰ-дың құқықтық негізіне тоқталды.
Отырыста облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов «Қазақстан Республикасы Президентінің сайлау науқаны кезінде аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру, сайлау науқанын өткізу туралы», Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің гуманитарлық ғылымдар магистрі Ғалымтай Төлепбергенов «Саяси мәдениеттің сайлау процесіне әсері туралы» баяндамалар жасады.
«Намыс» саяси пікірталас клубының отырысына қатысушылар арасында әлеуметтік сауалнамалар тұрғысында қызу пікірсайыс болып, «Ақ жол», «Ауыл», коммунистік партия өкілдері мен басқа да қоғамдық ұйымдар өз ойларын ортаға салды. Отырыс соңы 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында бірауыздан дауыс беруге қатысуға шақырумен қорытындыланды.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар