Біржан сал ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өлке тарихы – ел тарихы» тақырыбында суреттер көрмесі болып өтті. Көрменің ашылу салтанатына аудан әкімі Ермек Нұғыманов қатысып, сөз сөйлеп, сыр тұнған суреттер тарихымыздың куәсі екендігін атап көрсетті.
Бұл шараның басты мақсаты – туған жердің даму тарихын сипаттайтын архивтік-фотографиялық құжаттарды және оның елдің дамуындағы рөлін білу болып табылады. Иә, рас өткенсіз болашақ болмайтындығы белгілі. Сан ғасырлар сорабын тарихпен әспеттеп, тайға таңба басқандай өткеніңді екшеп, бүгініңді саралап отыратын осындай құнды дүниелердің адам ғұмырында атқарар рөлі орасан. Бұл көрмеге тәуелсіздік алған жылдардан бастап күні бүгінге дейін суреттер қойылған. Аталмыш іс-шараға ауданның құрметті ардагерлері, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қызметкерлері мұғалімдер мен аудан жастары да қатысты.
Жиналған жұртшылық тағылымды шарадан рухани қуат алып тарқасты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.