Электронды қызметке жете көңіл бөлінуде

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұйымдастыруымен, сондай-ақ, мемлекеттік мекемелердің басшыларының қатысуымен халыққа сапалы қызмет көрсету жөнінде отырыс болып өтті.

Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Берген Беспалинов халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыруда электронды форматта қызмет көрсетуге көшудің маңызын айта келе, тұрғындарды электронды қызмет қабылдауға үйрету мәселесіне көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Электронды қызмет жемқорлықтың жолын кесіп қана қоймай, қызмет сапасын арттырып, оны жеделдетеді және мемлекеттік қызметшілердің жүктемесін біршама азайтады.
Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының бастығы Әділбек Қайырболатұлының айтуынша, қағаз нұсқада қызмет көрсету барысында заңсыздықтар көп орын алып жатады екен. Өткен жылы тексеру барысында мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтерде заңсыздықтардың бәрі қағаз нұсқада көрсетілген қызметтерде болғаны анықталған. Ақмола облысында халыққа көрсетілетін қызметтің 80 пайызы денсаулық сақтау органдарына тиесілі. Ал, осы салада қызмет сапасын тексеретін құрылым жоқ. Білім саласында да қызмет сапасын қадағалайтын құрылым құрылмаған.
Қызмет сапасын жақсарту үшін қағаз нұсқада қызмет көрсетуден бас тарту қажеттігі айтылды. Бұл орайда тұрғындардың арасында электрондық нұсқада қызмет алу бойынша білімнің жоқтығы іске қолбайлау болып отыр. Сондықтан, мемлекеттік мекемелер қарапайым жұртшылық арасында электрондық қызметті пайдалану жөнінде
насихат жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың осы саладағы білім мен біліктіліктерін арттыруға көңіл бөлулері қажет.
Мемлекеттік органдардың қызмет көрсету тиімділігін арттыру жөнінде жүргізілген мониторингте Ақмола облысының әкімдігі мемлекеттік қызмет сапасы бойынша 86,73 балл жинаған. Бұндай жетістік электронды қызмет көрсетуге жете көңіл бөлу арқылы келгендігін атап өткен жөн.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар