Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Арзан ақылдың астарындағы келемеж - АРҚА АЖАРЫ

Арзан ақылдың астарындағы келемеж

Жалғыздық бір Құдайға ғана жарасады дейміз. Онысы дұрыс та шығар. Жасы келгеннен кейін қыз-жігіттердің бас қосып, өмірде бір-біріне серік болуы үшін махаббаттары лапылдап тұрған шақтарында отау құрғандары жақсы ғой. «Бас екеу болмай, мал екеу болмас» дейді дана халқымыз.

Өкінішке орай, көп жағдайларда өмір біздің қалағанымыздай бола бермейді екен. Бір-бірімен сүйіп қосылған жандар қосақтарынан айырылып, жалғызбасты атанып жатады. Ендігі жерде айтпағым, осы көп адамдардың жан-жарынан айырылып, жесір қалғандарды көрген сайын «Жалғыздық бір Құдайға ғана жарасады» деген сөзбен түртпектеп, үнемі біреуге қосақтай жөнелетіні дұрыс па? Абай айтпақшы, «біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар».
Әр сөздің өзінің қолданылатын реті, айтылатын жөні болады ғой. «Сен жалғыз екенсің, біреумен неге қосылмайсың?» деп, адамның жеке өміріне араласу дұрыс емес деп ойлаймын. Адамдардың өз өмірін өзі түсініп, реттеп алмай, өзге біреудің өміріне сұқтанып тұратынына ызам келеді.
Жуырда, бір туысқанымыздың үйіне қонаққа барған едік. Туысқан деп отырған Жанаргүл тәтем осыдан 25 жыл бұрын күйеуі о дүниелік болып, шиеттей үш баласымен жесір қалған болатын. Ол кезде мен бала болсам да, тәтемнің өмірдің салған сынағына мойымай, керісінше қайраттанып, балалары үшін талпынып, соларды өсіріп жеткізуге барын салғанын жақсы білемін. Жалғызбасты болғасын «қосылайық» деп, сөз айтып келгендердің бетін қайтарып, ешкіммен көңіл қоспай, ер-азаматтың көмегінсіз-ақ балаларын аяқтандырды. Қазір кейуананың ұл-қыздары – бір-бір үйдің иесі, ұйытқысы. «Екінші рет тұрмысқа шығып, балаларымды өгей әкенің қас-қабағына қаратқым келмейді. Оларға ешкім өз әкесіндей қамқор бола алмайды» дейтін тәтемнің сөзі әлі есімде.
Шынымен де, ата-ананың орнын ешкім баса алмайды. Қазіргі таңда қоғамымызда өгей әке-шешенің қорлығын көріп, көздері жәудіреп жүрген бүлдіршіндер бар ғой. Әйелінің немесе күйеуінің қазасының арты суымай жатып, үйіне басқа біреуді алып келетіндер тәтемдей жандардан үлгі алса екен деймін.
Балаларын өмірінен артық көретін тәтем құлындарының ешкімнен қорықпай, жасқанбай, аяулы аналарының жанында емін-еркін өскенін қалады. Құдайға шүкір, ұл-қыздары аналарының қадірін біледі, ақ сүтін ақтап келеді. Отбасының ортасында аяулы ана, ақжаулықты әже атанып отырған тәтем үшін кеудемді мақтаныш сезімі кернеді. Тек, әлі күнге дейін сол баяғы жалғызбастылығы туралы әңгіменің әлі де айтылып жүргеніне іштей қапаландым. Дастархан басында отырған құдашамыз: «Балаларыңызды өсіріп, жеткіздіңіз. Енді өзіңізді ойлауыңыз керек. Сізді бір ағайыммен таныстырғым келеді» деп қайта-қайта сөйлеуін қоймады. Тек, тәтемнің: «Балаларым, немерелерім тұрғанда мен жалғыз емеспін. Қартайғанда тұрмысқа шығып, елге өсек болар жайым жоқ» деген сөзінен кейін ғана әлгі құдашаның аузы сап тыйылды.
Біреудің жан-жарасын тырнап, кемшілігін айтып, көпшілік алдында келеке қылуды қашан қояды екенбіз? Сол күні тәтемнің жалғызбастылығын әңгіме қылған жандар тәтем жан-жарынан айырылғанда қол ұшын беруге де жарамаған еді. Енді келіп, «жандары ашып» қалыпты. Олардың шын мәнісінде тәтемді келемеждеп тұрғанын жүздеріне үйірілген арзан күлкіден бірден байқаған едім. Абай өзінің төртінші қара сөзінде былай деген екен:
«Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыртатұғынын. Бұлай болғанда, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не бір ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек. Осындай ғафилдік көп өткізіп, өлмеген кісінің не дүниеде, не ахиретте басы бір ауырмай қалмаса керек. Әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ахирет шаруасына өзгеден жинақырақ болса керек. Әрбір жинақылықтың түбі кәніш болса керек. Енді олай болғанда, үнемі уайым-қайғыменен жүре аламыз ба? Үнемі күлмей жүруге жан шыдай ма екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін. Уайым-қайғысыздығыңа уайым-қайғы қыл-дағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды харекет табу керек, һәм қылу керек. Әрбір орынды харекет өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды харекетпен азайт!».
Жоғарыда айтқанымдай, өмірде қуаныш пен қайғы қатар жүреді. Сол себепті, «Анау анандай болыпты, мынау бүйтіпті» деп өсекке ере бермей, өз өміріміз жайлы ойланайықшы.

Жанерке РАМАЗАНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар