Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлеуметтік бағдарланған қоғамның әлеуеті мен қолдауы - АРҚА АЖАРЫ

Әлеуметтік бағдарланған қоғамның әлеуеті мен қолдауы

● Ақмола облысы бойынша бүгінгі күні 7800 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алса, мұның 3 мыңы көп балалы отбасылар. Қазірдің өзінде 7256 отбасы тиісті төлемдерін алды.
● Аталған көмекті белгілеудегі өзгерістерге сәйкес, әлеуметтік көмекке құқылы аз қамтылған отбасылардың саны 2,7 мыңнан 8,4 мың отбасына дейін 3 есе өсті.
● Оларға төленетін қаржы көлемі жылына 400 миллион теңгеден 5,3 миллиард теңгеге жетті, яғни, 13 есе артты.
● Жасы ұлғайған жалғызбасты жандар мен мүгедектер үшін тұрғын үйлері бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің 26 бөлімшесі жұмыс істейді.
● Облыста 2019 жылдың жеті айында 8463 жаңа жұмыс орны құрылды немесе жылдық жоспардың 82,5 пайызы орындалып, 5213 тұрақты жұмыс орны қамтамасыз етілді.

Конституциялық құқықтарды жүзеге асыру
Ақмола облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының жұмысы өмірлік қиын жағдайға тап болған және мемлекеттің қамқорлығына мұқтаж жандардың тағдырына жауапкершілік принциптерін ұстанады. Басқарма қызметкерлерінің тиянақты жұмыстарының нәтижесінде Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген еңбекпен қамту, заңдық негіздегі мемлекеттік көмекке қолжетімділік, ана мен баланы және отбасы институтын қорғау құқықтары қамтамасыз етілуде.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау
Ағымдағы жылдың сәуір айындағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету мазмұнының өзгертілуіне байланысты көп балалы отбасылар өздерінің материалдық жағдайын жақсартып, жеке шаруашылығын нығайтуға және жұмыспен қамту орталықтары арқылы еңбек қатынастары мәселелерін шешудің қосымша мүмкіндіктеріне ие болды. Бүгінгі күні 7800 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алса, мұның 3 мыңы көп балалы отбасылар. Қазірдің өзінде 7256 отбасы тиісті төлемдерін алды. Аталған көмекті белгілеудегі өзгерістерге сәйкес, әлеуметтік көмекке құқылы аз қамтылған отбасылардың саны 3 есе өсті (2,7 мыңнан 8,4 мың отбасына дейін). Сондай-ақ, АӘК қаржы көлемі 3,8 миллиард теңгеге жетіп, тиісті қаражат 13 есе артты (жылына 400 миллион теңгеден 5,3 миллиард теңгеге дейін).

Жастарды жұмыспен қамту
Мемлекет басшысының Қаулысымен биылғы жыл Жастар жылы болып жарияланды. Мұнда жастарды жұмысқа орналастыру еңбек қатынастары саясатының басты буыны саналады. Басқарма тарапынан қолданылған шаралардың нәтижесінде, соңғы үш жылда жалпы жұмыссыздық деңгейіндегі 4,7 пайызға шаққанда жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші 3,3 пайызға төмендеді. Биылғы жылдың екінші тоқсанының қорытындысында облыстағы экономикалық белсенді жастардың саны 82 мың адамды құрады. Бұл өңір тұрғындары арасындағы жалпы көрсеткіштің 19,2 пайызына тең. Экономиканың түрлі салаларында 79,7 мың жас адам жұмыс істеуде. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, жыл басынан бері 7 мың адам жұмыспен қамтылса, олардың төрт мыңға жуығы жас азаматтар.
Тұрғындар арасындағы кәсіби бағдар, жұмыспен қамту ісіне ықпалдасу және кадрлар құрамын жасақтауда жұмыс берушілерге көмектесу мақсатында биылғы жылы 57 рет жәрмеңке өткізіліп, жұмыс берушілер тарапынан 2546 бос орындар ұсынылды. Осының нәтижесінде 173 адам жұмысқа орналастырылды, мұның ішінде 50 адам тұрақты жұмысқа, 70-і қоғамдық, 15-і әлеуметтік жұмыс орындары мен 38 адам жастар тәжірибесіне жолдама алды. Облыста 14 жұмыс іздеу клубы жұмыс істеп, 1091 адам семинарлық сабақтарға тартылды. Бұл өтініш білдіргендердің 89,2 пайызын немесе 973 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді.

Мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жүргізу
Облыста барлық топтағы 29 мың мүгедек тұрады. Жыл сайын оларға оңалту мақсатында, гигиеналық және арнайы жабдықтармен қамтамасыз етуге бюджеттік қаражат бөлінеді.
Мысалы, биылғы жыл басталғалы 404 мүгедек шипажайлық-курорттық ем қабылдады, бұлардың арасында арнайы күтімге мұқтаж 26 бала бар. Балалар 8-17 тамыз аралығында Щучинск-Бурабай курортты аймағында, «Алмаз» шипажайында дем алды. Оларға сауықтыру-емдеудің кешенді шаралары, атап айтқанда гидромассаждық ванналар, гирудотерапия, оттегі коктейлі, фитотерапия, балшықпен емдеу, басқа да ем шаралары қолданылды. Демалыс барысында шипажайлар жетекшілері балалармен бірге болды, түрлі көңіл көтеру шаралары ұйымдастырылды. Балалар жақсы тынығып, мектептеріне көтеріңкі көңіл-күймен баратыны анық.
Мүгедектер арнайы жабдықтармен қатар экрандық және дыбыстық бағдарламадағы ноутбуктермен, дыбыстық және дауыс жазбалы ұялы телефондармен, есту аппараттарымен, қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етілген. Бүнігі күні оларға 243 мүгедек-арбасы берілді.
Жасы ұлғайған жалғызбасты жандар мен мүгедектер үшін тұрғын үйлері бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің 26 бөлімшесі жұмыс істейді. Мұнда 564 әлеуметтік қызметкер 2972 адамға қызмет көрсетеді. Бұған қоса, облыста ыммен сөйлесуді қамтамасыз ететін 20 маман жұмыс істейді.

Кәсіпкерлікті және
әлеуметтік әріптестікті дамыту
Облыста нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда белсенді жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 12 мың адам бағдарламаның қатысушы ретінде тіркелді. Бұлардың қатарында 4,4 мың жұмыссыз, өзін-өзі қамтамасыз етуші 2200 адам, жұмыс іздеуші 4300 кісі, жалдамалы жұмысшылар мен жұмыс күші санатына жатпайтын 1 мың адам бар.
«Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіби біліммен, қысқа мерзімді кәсіби оқумен қамтамасыз ету» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде 3680 адамды оқуға тарту жоспарланған. Бұл орайда, 1190 адам 1 қыркүйектен оқуға тартылса, жоспарланған 1500 адамның 1,5 мыңы қазірдің өзінде қысқа мерзімді курстарда дәріс алды. Оқу бітіргеннен кейінгі жұмысқа орналастырылғандардың үлесі 55,2 пайызға жетті. «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағыты бойынша 3369 адам оқумен қамтылады деп жоспарлануда, мұның ішінде 1270 адам «Бас-
тау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздерін меңгеретін болады. 2019 жылдың 1 тамызындағы дерек бойынша 1478 адам оқу курстарын аяқтап отыр. Бұлардың ішінде:
-ауылдар мен қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға 4 миллиард теңгенің 956 шағын несиесі қарастырылған. 2019 жылдың 1 тамызына 1667,5 миллион теңге несие берілді.
-жаңа бизнес-идеяларды қолдау мақсатында 463,6 миллион теңгенің 1143 гранты бөлінді. Қазір бұны 453 адам алып отыр.
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша 2983 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланып отыр. Биылғы 1 тамызға дейін 2971 адам жұмысқа орналастырылды.
Облыста 2019 жылдың 7 айында 8463 жаңа жұмыс орны құрылды немесе жылдық жоспардың (10260) 82,5 пайызы орындалып, 5213 тұрақты жұмыс орны қамтамасыз етілді. Қолданылған осы шаралардың нәтижесі жұмыссыздық деңгейін 4,7 пайыздық деңгейге жеткізуге мүмкіндік берді.
Бас еркінен айырылып, оқшаулау орындарынан босатылған азаматтарды және осы санаттағы өзге де адамдарды жұмыспен қамту мақсатында жергілікті атқару органдарында жыл сайын бос жұмыс орындарының квотасы жасақталады. Ағымдағы жылы 88 жұмыс орнын құру жоспарланған. Жыл басынан бері есепте тұрған 187 адам жұмыспен қамту мекемелеріне өтініш білдірді. Бұлардың 46-сы жұмысқа орналасса, басым көпшілігі қоғамдық және әлеуметтік жұмыстарға жіберілді. Ал, 7 адам қысқа мерзімді курстарды оқып жатыр.

Көші-қон өрісі
Басқарма қызметінің бір бағыты – көші-қон және азаматтарды тұрақты мекен-жайлары бойынша қабылдау. Биылғы 1 тамызға дейін 116 отбасына оралман мәртебесі берілді. Бұлардың арасында Қытайдан 22 отбасы, Өзбекстаннан – 24, Моңғолиядан – 60, Ресейден 9 отбасы бар. Бұл азаматтарды жұмыспен қамту жоспардағы 75 пайыздың орнына 82,6 пайызды құрап отыр.

Дина Ахметжанова,
Ақмола облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар