Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сырлы сурет, сиқырлы әлем - АРҚА АЖАРЫ

Сырлы сурет, сиқырлы әлем

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында елімізде көптеген танымы мен тағылымы мол іс-шаралар өтуде. Осының барлығы өскелең ұрпақтың тәрбиелі, саналы болып өсуіне өз септігін тигізері анық.

Осындай игі шаралардың бірі – облыс орталығындағы өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының облыстық білім басқармасымен бірлесе ұйымдастырған «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты тақырыпта өткен өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылық байқауы деуге әбден негіз бар.
Аталмыш көрменің басты мақсаты балалардың сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамытуға жан-жақты ықпал ету, өзара жарыстыру арқылы қатысушыларға өз шығармашылық қабілеттерін дамытуға және танытуға мүмкіндік беру, көркемдік және сәндік-қолданбалы шығармашылық саласында тәжірибе алмастыру болып табылады.
Көрмеге Ақкөл, Астрахан, Аршалы, Атбасар, Бұланды, Біржан сал, Есіл, Жақсы, Зеренді, Сандықтау, Целиноград, Шортанды, Бурабай аудандарынан және Көкшетау, Степногорск, Нұр-Сұлтан қалаларынан барлығы 80 оқушы қатысты.
Балалардың шығармашылық жұмыстары сан алуандылығымен және композициялық тәсілдерінің ерекшелігімен тәнті етті. Байқауға 150 композиция ұсынылды. Тағы бір ерекше екпін түсіре атап өтетін жайт, көрме аясында өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының педагогы Лариса Иванова жас дарындарға «Күзгі сарын» шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағатында балалар сурет өнерінің қыр-сырына бойлап, тәжірибе жинақтады. Алты бағыт бойынша өзара бақ сынасқан жүйріктер арасында «Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым» аталымында Астрахан ауданындағы балалар мен жастар шығармашылық үйінің шәкірті Жүзім Мұхамбаева жүлделі 1 орынға ие болса, «Табиғи материалдардан жасалған бұйым» бағытында Зеренді ауданы Шағалалы орта мектебінің оқушысы Диана Әбдірахманова үздік деп танылды. Ал, «Тұрмысқа арналған креативті бұйымдар» аталымында Сандықтау ауданындағы балалар мен жастар шығармашылық үйінің оқушысы Елена Габидулина 1 орынмен марапатталды. «Ұлттық колориті бар интерьердің ерекше дизайн-жобасы» аталымында Степногорск қаласындағы №3 көпсалалы мектеп-лицейінің оқушысы Алина Кудрявцева «Матадан жасалған бұйымдар» аталымында Атбасар ауданындағы балалар мен жастар орталығының оқушысы Екатерина Лихолетова үздіктер қатарынан көрінді. «Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері» аталымы бойынша Зеренді ауданы, Еленовка орта мектебінің оқушысы Анастасия Филиппова қарым қабілетімен қазылар алқасын тәнті етіп, 1 орынға ие болды.
Жеңімпаздарға Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді. Осылайша өңіріміздің түкпір-түкпірінен жиналған өнерпаз балалар сурет әлемінің тылсым сырына тереңірек бойлап, рухани қуат алып тарқасты.
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар