«ӘН ЖҰЛДЫЗЫ ШӘМШІ АҒА»

 Шалқар талант, дария жүрек, сазгер, 20- ғасырдың ірі тұлғасы, күллі қазақ халқының мақтанышына айналған, қазақ вальсінің королі ән әлемінің падишасы атанған қазақ халқының ұлы мақтанышы Шәмші Қалдаяқов. «Балдәурен» РОСО Балқаш қаласындағы филиалында «Музыкалық олимп» аспапшылар кездесуі 7-ауысым бағдарламасы аясында  2019 жылдың 30 қазан күні оқу кешенінің ұстаздары Д.Т.Алмағанбетова, К.О.Нусупова және орталықтың әдіскері Д.А. Рустемовтың ұйымдастыруымен «ӘН  ЖҰЛДЫЗЫ  ШӘМШІ  АҒА» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.

Кешіміздің көздеген мақсаты: ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың өмірі, өнері  және шығармашылық жолымен таныстыру. Сазгердің әндерін көпшілік назарына ұсыну, сазды әуенге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, сыршыл қасиеттерінің дамуына ықпал ету. Халқымыздың ұлы сазгері Шәмші Қалдаяқовтың әндері арқылы оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Кеш барысында өнер сүйер көрермендер қазақтың кең даласын ұлттық бояуы мол әндерімен тербеген сазгердің әрбір шығармасын қошеметпен қарсы алып отырды. Кеш барысында Шәмшіге арнап оқушылар өздерінің арнау өлеңдерін оқыды, «Сыған серенадасынан» қойылым қойылып, ұйымдастырушы-ұстаздар «Сыған серенадасы» атты әнін шырқады.  Аналарға арналған Гимні «Ана туралы жырын» караокеден бүкіл орталық болып орындады. Сазгердің сырға толы «Арыстың жағасында», «Ақ бантик», «Қуаныш вальсі», «Әнім сен едің», баянмен попурри әндерін тамылжыта шырқап, оқушылар мен ұстаздар да әдеби-сазды кештің шырайын келтірді. Хормен Әнұранды орындап, кештің соңғы нүктесі қойылды.

Қазақ халқында «Шәмші, Шәмшінің әні» десе, ішкен асын жерге қоймайтын жан жоқ. Адам жүрегін тебірентетін сезімдердің қайсысы болмасын – асыл ана, ардақты әке, мөлдір сезім, шынайы махаббат – осының бәрі Шәмші әндерінің тақырыбы десек – артық айтқандық болмас…

Шәмшінің әндерін қанша мәрте қайталап айтсаң да жалықпайсың. Айтқан сайын бұрын сезбеген, мән бермеген жаңа бір нәзік тұстары айқындалып, ашықтана түседі. Естіген үстіне ести бересің. Шәмшіні сағынасың, іздейсің. Ол біздің жүрегіміз бен жанымызда мәңгі сақталады.

 

«Балдәурен» – Балқаш РОСО

 оқу кешенінің меңгерушісі

Дауленова Гүлнара Зейнуллақызы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар