Білім алу ешқашан кеш емес

«IndiGo» білім беру орталығы Көкшетау қалалық жұмыспен қамту бөлімінің мәжіліс залында көпшілікке «Шекарасыз жұмыс» әлеуметтік жобасын таныстырды.

Бұл маңызды шараға көп балалы аналар, үй шаруасындағы әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Тілі кеміс және құлағы естімейтін жандар үшін шараға әдейілеп сурдоаудармашы шақыртылып, ол әр спикердің сөзін аударып отырды. Әлеуметтік кәсіпкер Абай Исин аталмыш жобаны таныстыра келе, мұндағы басты мақсат мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оқыту және жұмысқа орналастыру екенін айтты.
–Біздің компания SMM, фото-видеотүсірілім, Копирайтинг, графикалық дизайн, журналистика, сайттарды құрастыру секілді заманауи салаларды оқытады, – деді Абай Исин өз сөзінде.
Бұл күні жобаның арнайы бағдарламасын ерікті Шыңғыс Жүнісов жүргізіп отырды. Компанияда жоба жайлы кеңінен ақпарат бере алатын, тәжірибесі мол алты ерікті жұмыс істейді. Айта кетейік, ұжымның құрылғанына шамамен үш айдан астам уақыт өткен.
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.
Фото автордікі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар