Дәрігері білікті, емі шипа

Ақкөл ауданы бойынша орталықтандырылған жүйедегі медициналық көмекті аудандық аурухана көрсетеді. Мұнда бір ауысымда 250 адамды қамтитын емхана бар. Ұжымда 45 дәрігер мен 160 орта медициналық қызметкер жұмыс істеуде. Ауылдарда 5 дәрігерлік амбулатория және 21 медициналық пункт қызмет етеді.

Ауданда халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерін жақсарту бағытында нысаналы жұмыстар жүргізілуде. Былтырғы жылы мұнда ана мен бала өлімі тіркелмеген, қан айналымы жүйесі аурулары (703-тен 658 жағдайға дейін) және онкопатология (70-тен 56-ға дейін) біршама төмендеген.
2019 жылы денсаулық сақтау саласына қойылған міндеттерді ойдағыдай орындау үшін 769 миллион теңге қаржы бөлінсе, мұның 20 миллион теңгесі материалдық-техникалық базаны нығайтуға жұмсалды.
Бақберген Амалбек.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар