Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сараптамалық кеңес – салиқалы істер ұйытқысы - АРҚА АЖАРЫ

Сараптамалық кеңес – салиқалы істер ұйытқысы

Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетте «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатындағы өңірліксараптамалық кеңестің мәжілісі өткізілді. Оның жұмысына кеңес мүшелері, қоғамдық ұйымдар белсенділері, «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кеңесте Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университеттің проректоры, кеңес төрағасының орынбасары Аманбай Сейітқасымовтың оқу орнында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалу барысы туралы есебі тыңдалды.
–Біз өз жұмысымызды облыстық ішкі саясат және мәдениет басқармаларымен, өңірлік жобалық офиспен, сараптамалық кеңес мүшелерімен тығыз ынтымақтастық байланыста жүргіземіз, – деді ол. Бекітілген жоспарға сай алғашқы көшпелі мәжілісіміз тарихы бай Біржан сал ауданында өткізілді. Онда аудан әкімі Ермек Нұғыманов «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы есеп берсе, облыстық сараптамалық кеңес мүшелері Қадыржан Әбуев, Сәбит Жәмбек, Ғосман Төлеғұл өңірдегі тарихи тұлғалар, киелі жерлер, тарихи ескерткіштер жайлы жан-жақты мәліметтер берді. Көшпелі мәжілістің материалдары жинақталып, баспаға ұсынылды.
Сараптамалық кеңестің Бурабай ауданындағы мәжілісінде аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Төлегенов пен мәдениет және тілдері дамыту бөлімінің жетекшісі Д.Қарсыбаеваның бағдарламаның «Тәрбие және білім», «Рухани қазына» бағыттарының жүзеге асырылу барысы туралы хабарламалары тыңдалды. Сондай-ақ, сараптамалық кеңес мүшелері Қ.Әбуевтің «Бурабай өңірінің қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі орны», А.Сейітқасымовтың «Ханның Қызыл ағашы», Ғ.Төлеғұлдың «Ұлы даланың жеті қыры: тіларалық және мәдениетаралық коммуникация», Қ.Базаровтың «Сакральные места Бурабайского района», С.Жәмбектің «Қазақ әдебиетіндегі Көкшетау тақырыбы», А.Есмағұловтың «Халық ақындары Тезекбай мен Қалия Жұбандықов» атты баяндамалары тыңдалып, талқыланды. Шара соңында аудан әкімімен ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Бұған қоса, алдағы сәуір айында университет ректоры, сараптамалық кеңес төрағасы Марат Сырлыбаевтың басшылығымен Айыртау ауданында «Туған жерге тағзым» көшпелі семинары өткізілетіндігі айтылды.
Бұдан кейін облыстық ішкі саясат басқармасының арнайы жобалар бөлімінің басшысы Архат Айбабин «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша облыстық жұмыс жоспары», «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисінің жетекшісі Қайрат Сейітқазин «Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асырудағы және тиімділігін бағалаудағы жаңа тұжырымдамалық тәсілдер», облыстық мәдениет басқармасы мұрағат және құжаттама бөлімінің басшысы Меруерт Қайыргелді «Мәдениет саласындағы «Рухани жаңғыру», «Балалар мен жасөспірімдердің туризм, өлкетану және экология облыстық орталығы» мемлекеттік қазынашылық мекемесі директорының орынбасары Ләйлә Толысбаева «Білім саласындағы өлкетану шараларының табысты жобалары» тақырыбында баяндама жасады.
Кеңес барысында, оның мүшелері Қ.Әбуев, Ж.Ерғалиев, С.Жәмбек, Ғ.Төлеғұл, Қ.Мырзабеков және басқалары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікірлерін білдіріп, сараптамалық кеңестің жұмысын жандандыру бағытындағы ұсыныстарымен бөлісті. Кеңес тиісті қаулы қабылдады.
Бақберген Амалбек,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар