Дер кезінде көмекке келді

Көкшетау қаласында құтқарушылар инсульт алған 82 жастағы қарияның өміріне араша түсті.

Бұл туралы 2020 жылғы ақпанның 6-сы күні түскі уақыт 12:47-де Көкшетау қалалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын телефон арқылы хабарлаған. Оның сөзінше, Әуезов көшесінің бойындағы тұрғын үйде тұратын 1938 жылы туған қарт апасы пәтердің есігін ашпай қойған. Аталған мекен-жайға қалалық жедел-құтқару жасағының жеке құрамынан 6 құтқарушы мен 1 арнайы техника жетті. Арнайы құралдың көмегімен пәтердің есігін ашып, ішке енген құтарушылар диванда аузынан көбігі ағып жатқан қарияны көреді. Осы ретте, құтқарушы әрі тәжірибелі медицина қызметкері Жұлдыз Рамазанов қарияның инсульт алғанын бірден анықтап, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Бұдан кейін құтқарушылар науқасты үшінші қабаттағы пәтерінен сыртқа көтеріп шығарып, жедел жәрдем қызметінің бригадасына тапсырады.
Осылайша құтқарушылардың ширақ қимылы мен Жұлдыз Айтжанұлының кәсіби шеберлігінің арқасында қария аман қалды. Бұл Жұлдыз құтқарып отырған алғашқы адам емес, осыған дейін де ол бірнеше адамның өміріне араша түсіп, зардап шегушілер мен әріптестерінің зор алғысына бөленген еді.
Ақмола облыстық төтенше жағдайлар
департаменті жедел құтқару жасағының
баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар