«Біз салауатты өмірді таңдаймыз»

Көкшетаудағы «Шұғыла» шағын орталығында «Біз салауатты өмірді таңдаймыз» атты спорттық отбасылық сайыс өтті.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, бүлдіршіндерді спортқа баулу мақсатында «Алма» тобының тәрбиешілері өткізген сайысқа топ балғындары мен олардың ата-аналары қатысты. Олар «Қыран», «Жалын» және «Жігер» топтарына бөлініп, түрлі спорттық жаттығуларды орындады. Бірінші кезеңде қатысушылар жұмбақ шешсе, одан кейін қол күресіп, допты иықтарымен құлатпай ұстап, ептіліктерін көрсетті. Бүлдіршіндер мен олардың ата-аналары түрлі номинациялар бойынша «Шұғыла» шағын орталығының арнайы грамоталарымен марапатталды.
Камета ДӘУЛЕТОВА,
«Шұғыла» шағын орталығының тәрбиешісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар