Дәрігерлерге алғыс айта келді

Күн сайын редакциямызға әртүрлі шаруаларымен ондаған адамдар келіп жатады. Солардың бірі – зейнеткер Мақта Үкеева облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігерлеріне алғыс білдіре келіпті.

–Мен ауруханаға ауыр жағдайда түстім. Жасым алпыста. Дәрігерлер қан құйып, аяғымнан тік тұрғызды. Ақ халатты абзал жандардың өз жұмыстарын адал атқарып, зор көмек көрсеткеніне алғысым шексіз. Осыған дейін учаскелік дәрігеріме барып қаралғанмын, алайда, ол диагнозды дұрыс қоймай біраз қиналдым. Ал, облыстық ауруханадағы дәрігерлер ауруымды бірден анықтап, өмірге деген құлшынысымды арттырды. Сондықтан, терапия бөлімшесінің меңгерушісі Бақытгүл Тастанбекова мен емдеуші дәрігер Анар Атамбаеваға және медбике Бибігүл Ыбыраеваға әрдайым еңбектеріңіз жана берсін дегім келеді,– дейді Мақта апай. Біз де осы тілекке қосылып, зейнеткер алғысына газет бетінен орын бергенді жөн көрдік.
Айтолқын АМАНГЕЛДІ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар