Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары

Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Ізгілікті (қайырымды) қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатының көне қолжазбасы 1968 жылы Ливанның Бейрут қаласында М.Махдидің басшылығымен тұңғыш рет басылып шыққан еді. Біз бүгін осы трактаттан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы Айдынгүл Хаванның араб тіліндегі түпнұсқадан аударған трактаттан үзіндіні назарларыңызға ұсынуды одан әрі жалғастырып отырмыз.

Екінші бөлім. Ізгілікті дінде рухани жандар мен періштелер деп білуге ләзім болған болмыстардың қандай бол­мыстар екендігі, олардың жауһарлары не, ол болмыстардың әрқайсысының екіншісінен не нәрсемен мәртебелі бола­тындығы, әрбірінің Бірінші Болмыс­тан иеленген мәртебесі не екендігі және ол болмыстардың бір-бірлерінен мәр­тебелері не екендігі, олардың әрқайсысының кемелділігі немен өлше­нетіндігі еске алынады және олардың әрқайсысының иелігіне билік етуге не берілетіндігі, әрқайсысының басшылығы не болатындығы жөнінде.
Содан кейін аспан денелерінің жау­һарлары жөнінде және Бірінші Бол­мыс пен періштелер оларға қалай иелік ететіндігі, қайсы аспан денесінің әмірі қандай періштеге жүретіндігі және қан­дай періште қай аспан денесін басқара­тын­дығы, әрбір аспан денесінен қанша нәрсеге билік ететіндігі туралы олар (бол­мыстар) үшін суреттелуі тиіс нәрсе беріледі.
Содан кейін аспан денелері қамтитын табиғи денелердің, яғни, материалды денелердің жауһарлары жөнінде олар үшін суреттелуі тиіс нәрсе туралы.
Үшінші бөлім. Аспан денелері мен олардың билігіндегі аспан асты, яғни, материалдық денелердегі басшылық жөнінде, олардың (аспан денелері) қай жағынан олардың (материалдық денелер) бар болуының себебі екені, Алла тағала табиғи денелердегі нәр­селерді аспан денелері арқылы қалай басқаратындығы, әрбір аспан мен әрбір ғаламшарды басқарған не нәрсе екендігі жөнінде олар үшін суреттелуі тиіс нәрсе, сондай-ақ, мәшһүр ғаламшарларды суреттеуде олар үшін суреттелуі тиіс не нәрсе екендігі еске алынады. Алла тағала бір өзі материалдық денелерді жеке-жеке ғаламшар арқылы қалай бас­қаратындығы және Оның билігі ма­териалдық денелердің барлығына бірге немесе кейбіреуіне қалай жүретіндігі, материалдық денелердің аспан денелері­мен қалай ретке келтірілетіндігі, оларда әділеттілік қалай болады және болып жат­қан нәрсенің бәрі әділетсіздік ара­лас­­пайтын әділ әрі кемшіліктен ада кемел екені, Алла тағала уә Жәлләның иелігі (билігі) мен рақымы ең биік аспан дене­лерінен жер кіндігіне және оның айналасындағы нәрселерге дейін қалай өтетіндігі, материалдық денелердің мәртебелері не екендігі және олардың қалай байланысатындығы, басқаруда қа­лай қадым болатындығы, бір-біріне қа­лай иелік ететіндігі әрі барлығы қалай рет­ке келтірілетіндігі еске алынады. Олар­­дың (материалдық денелер) қайсы­сы дәл қазір өзінде бар және одан өзге еш­теңе болуы мүмкін емес табиғи қа­сиет (жаратылыс) болуы қажетті әрі лә­зім екендігі және дәл қазір ол иеленіп отыр­ған нәрсеге ие болмаса ол кемел бола ал­майтындығы және ол үшін одан өзге еш­қандай болмыстың болуы мүлдем мүмкін еместігі, адам дәл қазір өзіндегі кем­шілігі бар, адасқан, бейболмысынан өзге және Алла тағаланың әрекеті болуы мүмкін емес әрі Оған лайық болу мүмкіншілігі жоқ нәрсе болатын қандай болмысты олар үшін елестететіндігі еске алынады.
Интернет материалдары бойынша дайындаған
Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар