Ұлы Жеңіс 75

Менің де атам майдангер

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Отан үшін от кешкен ардагерлерге қанша құрмет көрсетсек те, артық емес. Өйткені, бүгінгі жас ұрпақтың бақытты өмір сүруі қазыналы майдангерлердің батырлығының арқасы деп білемін.

Сонау сұрапыл соғыс жылдарында қолына қару алып, Отан қорғаған батыр жандардың бірі – менің атам Алдаш Оспанұлы. Шын аты Аллаберген. Ол 1905 жылы Ақмола жерінде дүниеге келген. 1941 жылдың жазында бір топ ауылдастарымен бірге, менің атам да алғашқылардың бірі болып, 310-шы Панфилов атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанған болатын. Бірнеше рет жараланып, әскери госпитальде емделген соң, қайтадан сапқа қосылып, майдан шебіне оралған.
Сөйтіп ардагер атам соғыс басталғаннан аяқталғанға дейін ұрыс даласында болды. Үшінші Беларусь майданында 1945 жылдың 10 сәуірінде Кенигсберг қаласын алуға өз үлесін қосты. Жеңісті де осы қаланың түбінде қарсы алды. Атам «Кенигсбергті алғаны үшін» және басқа да медальдармен марапатталған.
Соғыстан кейін туған жеріне аман-есен оралып, Күләйім әжеммен шаңырақ құрып, үш қыз, бір ұл өсіріп, тәрбиеледі. Бейбіт өмірде Шалқар мамандандырылған шаруашылығында ерен еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты. Ауылдың ардақты ақсақалы, сыйлы қариясы болған Алдаш атамды әрдайым мақтан етемін.

Қасымхан ҚАСЕНТАЙҰЛЫ,
ардагердің немересі.
Шалқар ауылы,
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар