Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Коронавирустен қайтыс болған әйел Ақмола облысының тұрғыны болып шықты - АРҚА АЖАРЫ

Коронавирустен қайтыс болған әйел Ақмола облысының тұрғыны болып шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Корнавирустен қайтыс болған әйел Ақмола облысының тұрғыны болып шықты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің Telegram арнасынан мәлім болды.

«Бүгін интенсивті терапияның қолданылуына қарамастан ауруханада Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны, әйел адам қайтыс болды. Себеп – екі жағы тұтасқан пневмония, тыныс алуының қиындығы, қант диабеті кезіндегі сепсис, атеросклероз гипертониясы. Өкпенің қабынуының себебі – коронавирус. Ақмола облысында тұрады деп жазылған бұл пациент Нұр-Сұлтан қаласында облыстық көпсалалы ауруханада жатты. Оқиға географиялық жағынан алғанда Нұр-Сұлтан қаласында болғандықтан тіркеу де осы жерде жүргізілді. Осыған қарай біз де медициналық статистикамызды Ақмола облысына жатқызып отырмыз. Осы себепті ертең бифингте қосымша мәліметтер айтылады»,-делінген хабарламада.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/koronavirusten-kaytys-bolgan-ayel-akmola-oblysynyn-turgyny-bolyp-shykty_a3629818

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар