Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәжбүрлі түрде еңбек демалысына шыққандарға төлем төленеді – министрлік - АРҚА АЖАРЫ

Мәжбүрлі түрде еңбек демалысына шыққандарға төлем төленеді – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұмыс істейтін, алайда мәжбүрлі түрде еңбек демалысына шығып, кірісінен айырылған қазақстандықтар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төлем алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, төтенше жағдай уақытында кірісінен айырылған азаматтарға жаңа әлеуметтік төлем беру тәртібін әзірлеген.

«Жұмыс істейтін, алайда кірісінен айырылған, яғни ТЖ уақытында мәжбүрлі түрде еңбек төлемінсіз демалысқа шыққан қазақстандықтар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төлем алады. Бір жұмысшы үшін әлеуметтік төлемнің мөлшері бір минималды жалақыға – 42,5 мың теңгеге тең (айына). МӘСҚ-тан жаңа төлем Қазақстан аумағында еңбек ететін Қазақстан азаматтарына беріледі», — деп хабарлайды министрліктен.

Жаңа әлеуметтік төлемді алу үшін азаматтар мынадай шарттарға сай болуы тиіс:

— төтенше жағдайдың жариялануына байланысты айлығы сақталмай (жұмыстан шығарылмай) мәжбүрлі түрде демалысқа жіберілген жұмысшыларға;

— төлемге ие болу үшін жұмысшы төтенше жағдай енгізілмей тұрып соңғы 12 айдың кем дегенде үш айында МӘСҚ-та аударымы болуы керек;

— әлеуметтік төлем тек орта, шағын және микробизнес жұмысшыларына беріледі.

Жаңа әлеуметтік төлемді тағайындау үшін жұмыс беруші жергілікті атқарушы органға жүгініп, жұмысшыларының кірістерінің шынында да тоқтатылғанын растайтын құжатты (жұмысшылардың тізімімен, тиісті бұйрықпен бірге) алып келуі тиіс. Өтінімге сәйкес жергілікті штаб жұмыс берушіге әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдайды. Ал «Азаматтарға арналған Үкімет» бөлімшесі жұмысшылардың тізімін өздігімен жасайды. Әлеуметтік төлем жұмысшыға төтенше жағдай уақытында, айлығы төленбей еңбек демалысына шыққан жағдайда ғана беріледі.

«Өз кезегінде қазіргі заңнамаға сәйкес жұмыссыз қалған азаматтар міндетті әлеуметтік сақтандыру және кіріс жүйесінде соңғы 24 айдағы қатысу деңгейіне қарай 1-6 ай көлемінде әлеуметтік төлемге ие болады. Ол үшін жұмыссыз қалған азамат жергілікті жұмыспен қамту орталығына барып, жұмыссыз ретінде тіркелуі керек. Төлем автоматты түрде беріледі», — деп хабарлайды министрліктен.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/mazhburli-turde-enbek-demalysyna-shykkandarga-tolem-tolenedi-ministrlik_a3629556

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар