Көкшетау қаласындағы «Тұрмыстық химия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі антисептик шығара бастады.
Зауыт басшысы Фарук Құрмаевтың айтуынша, бүгінгі таңда зауытта тұрмыстық химиялық заттардың бірнеше түрі өндірілуде. Елімізде коронавирус жұқпасы пандемиясына қатысты күрделенген жағдайға байланысты кәсіпорын қысқа мерзім ішінде бактерияға қарсы және қолға арналған антисептик шығаруды қолға алып отыр.
Кәсіпорын басшылығы «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен 15 мың литр антисептикалық өнімге келісім-шарт жасаған. Антисептиктің құрамында дезинфекция жасайтын концентрат, жергілікті Айдабол спирті, глицерон, иістендіргіш және спецификалық қоспа бар. Кәсіпорын айына 60 мың литр өнім шығара алады. 1,5 литр және 220 миллилитрлік құтыға құйылған антисептиктің бір литрі 1500 теңге тұрады. Бұл өңірдегі ең арзан антисептик. Қазіргі кезде өндіріс толық қуатында жұмыс істеуде.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.