Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
- АРҚА АЖАРЫ

Маска шығаруды алғашқылардың бірі болып, «Ана үйі» қоғамдық қоры мен «Тыныс» акционерлік қоғамы қолға алды.

«Ана үйі» қоғамдық қорының кеңесші-психологы Құралай Жұмабекова:
– Біз өзіміздің алты қабатталған мәрліден тігілген маскаларды 1 наурыздан бастап шығардық. Тапсырыс басында өте көп болды. Төрт мың маска өнімін шығарып, бір данасын 150 теңгеден саттық. Оны дәріханалар, ауруханалар, басқа да мекемелер сатып алды. Бізге негізінен, волонтерлер көмектесті. Кейін бұл іске іс тігетін машиналары бар үйде отырған көп балалы аналарды тарттық. Олардың еңбекақысымен уақытында есептестік. Қазір мәрлі тапшы. Сондықтан, стандартқа сай келмейтін басқа матадан тігуді жөн көрмей, тоқтаттық. Ал, бүгінгі күні өзімізде қалған 500 масканы көп балалы аналар мен тұрмысы төмен отбасыларға тегін таратып жатырмыз, – дейді.
Ал, «Тыныс» акционерлік қоғамына келер болсақ, бағасы 250 теңгеден қазіргі таңда кәсіпорында 14000 маска жасап шығарылуда. №9 тігін цехының бастығы Медебай Қайырбекұлы маска жасаумен екі ауысымда 80-ге жуық адам еңбек ететінін және өндіріс көлемін арттыру жоспарда барын жеткізді. Бүгінде олар масканы қолда бар мақта-мата материалынан жасауда. Бұл бір реттік емес, төрт қабатты маскалар. Сондықтан, оны жуып, бірнеше рет пайдалануға болады екен. Аталмыш өндіріс орны алдымен өз қызметкерлерін және әлеуметтік мекемелерді толық қамтамасыз еткен. Қазіргі таңда Көкшетау автобус паркі мен көптеген мекемелерге маскалар таратылуда. Облыс орталығындағы Науан хазірет мешіті жанындағы тігін цехы да маска шығарып, тегін таратуда. Сондай-ақ, Гүлнәр Ұғыбайқызы басшылық ететін «Әсем» ательесі өздерінің қызметкерлерін маскамен толық қамтамасыз еткен. «Светлана» ательесінің басшысы Светлана Ехлакова:
– Өткен дүйсенбіден бастап маска тігуді қолға алдық. Тапсырыс алуымызға қарай, күніне 500-700 дана маска шығарамыз. Қосқабатталған, бязь материалдан тігілген, бірнеше рет жуып, пайдалануға болатын өнім. Бағасы 250 теңге. Маскаға арналған материалдарды орталық базардан аламыз, – дейді.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар