ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасымен төтенше жағдай кезінде азық-түлік пен тұрмыстық жиынтық алушылардың тізімін жасады. Оған жалпы саны 500 мыңға жуық адамды құрайтын 4 санаттағы азаматтар енгізілген.
Атап айтқанда, Қазақстанның барлық аумағында атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алатын табысы аз отбасылардың, оның ішінде көпбалалы отбасылардың 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларына азық-түлік пен тұрмыстық жиынтық ұсынылатын болады.
Бұдан басқа, карантин жарияланған аймақтарда азық-түлік пен тұрмыстық жиынтық азаматтардың келесі санаттарына берілетін болады:
— АӘК алатын , оның ішінде:
— барлық жастағы I және II топтағы мүгедектерге, сондай-ақ мүгедек балаларға;
— мүгедек баланы күтумен айналысатын ата-аналарға.
Азық-түлік пен тұрмыстық жиынтықтың құрамын жергілікті атқарушы органдар оларға бөлінген қаражат шегінде айқындайды .
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда АӘК көрсету тетігі жетілдірілді. Мемлекеттік көмектің жаңашаралары кешенді түрде іске асырылады және оған көпбалалы отбасыларға арналған жаңа мемлекеттік жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, табысы аз отбасылардың балаларына арналған кепілдік берілген әлеуметтік топтама, оның ішінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін азық-түлік жиынтығы және тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы кіреді.