Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстанда 325 адамға коронавирус жұқты. Арасында екі дәрігер бар - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстанда 325 адамға коронавирус жұқты. Арасында екі дәрігер бар

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 325 адамға жетті. 21 адам дерттен айықты. 26 наурызда Covid-19 дертінен бір адам қайтыс болған еді.

 Жалпы, әлемде Covid-19 коронавирусы 784 мыңнан астам адамға жұқты. Қаза болғандар саны  37 мыңнан асты. Вирус 190-нан астам елге тарады. 165 мыңнан астам адам дертінен айықты. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде адамдар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

31 наурызда түсте Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қалада 50 жастағы науқас коронавирустан көз жұмды деп хабарлады. Марқұм 21 наурызда ауруханаға жатқызылған.

– Бір ай ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысы жеке іссапарлармен байланысты болған. Онымен жақын араласқан отбасы мүшелері және әріптестері, барлығы 31 адам ауруханаға жатқызылды, – деді С.Қисықова.

Осылайша Қазақстанда коронавирустан екі адам көз жұмды. Нұр-Сұлтан қаласы коронавирус жұқтырғандар саны бойынша республикада бірінші орында тұр. Мұнда 175 адамнан вирус табылған. Алматыда – 82, Қарағанды мен Атырауда – 13, Ақмола облысында науқас тіркелген. Елдің басым бөлігінде шектеу шаралары енгізілген.

Abbott Laboratories компаниясы азық-түлік және дәрі-дәрмек жөніндегі әкімшіліктің (FDA) коронавирусты бес минутта анықтайтын жалпыға арналған тесті мақұлдаған ақпаратты «Америка дауысы» хабарлады. Abbott Laboratories келесі аптадан бастап күніне 50 мың тест шығарып, тарата бастайды. Позитивтік тестке 5 минут, негатив нәтиже көрсететін тестке 13 минут уақыт жұмсалады. Шамамен екі апта бұрын АҚШ-та Cepheid компаниясының тесті мақұлданған еді.

Қазақстанда екі медбикеге науқастардан коронавирус инфекциясы жұқты деп хабарлады coronavirus 2020.kz сайты. Дәрігерлердің инфекцияны жұқтыруына иммунитеттерінің төмен болуы себеп болған деп айтылады.

Интернет материалдары бойынша дайындаған

 Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар