Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
3 сәуірден бастап облысымыздың бірқатар аудандарында қозғалыс тоқтатылады - АРҚА АЖАРЫ

3 сәуірден бастап облысымыздың бірқатар аудандарында қозғалыс тоқтатылады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина облысымызда коронавирустің жаңа деректері тіркелгенін айтты. –Бүгінгі таңда облысымыз бойынша 19 адамның коронавирус жұқтырғаны лабораториялық түрде анықталды. Оның үшеуіне бірер сағат бұрын ғана тиісті диагноздары қойылды. Олардың барлығы бізде бұдан бұрын коронавирус жұқпасына байланысты емханаға жатқызылғандармен байланыста болған тұлғалар. Коронавирустен қаза тапқан Қосшы ауылының тұрғынымен байланыста болған бес адамда аталған жұқпа лабораториялық расталды, –­ деді Айнагүл Советқызы. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған азаматпен байланыста болған облысымыздың елордаға іргелес елді-мекенінің бес тұрғынында да коронавирус расталып отыр. 1 сәуірге дейінгі жағдай бойынша, Көкшетау қаласында және Шортанды ауданында да бір-бір деректен тіркелгені брифингте айтылды.

­–Эпидемиологиялық жағдайдың күн санап күрделенуіне байланысты мен облыс аумағында қосымша шектеу шараларын енгізу туралы қаулы шығардым. Соған сәйкес, 3 сәуір күні сағат 19.00-ден бастап Целиноград, Шортанды және Аршалы аудандарында қозғалыс тоқтатылатын болады. Ауданға кіретін жолдарға блок бекеттер қойылады. Аталмыш өңірлерге аудан өмірі үшін маңызды, әсіресе азық-түлік тасымалдайтын көліктерден басқа, кез-келген көліктер кіріп, шыға алмайды. Сол секілді, облыс орталығына кіретін жолдарға да блок бекеттер орнатылады. Ірі супермаркеттердің де жұмысы тоқтатылады. Тек, жақын маңайдағы азық-түлік сататын дүкендер ғана жұмыс істейді. Далаға маскасыз шығуға тыйым салынады, – деді облысымыздың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

Сонымен қатар, Айнагүл Мусина кейбір ата-аналардың елімізде коронавирус пандемиясының таралуын тоқтатуға байланысты қолға алынған шараларға бейқам қарайтынын сынға алды. Жарияланған карантинге қарамастан, балалар ойын алаңдарынан табылуда. Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың сыртқа ата-анасыз шығуына тыйым салынған. Осы орайда, облысымыздың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері облыс тұрғындарын эпидемиологиялық сақтық шараларын қатаң ұстануға және қоғам белсенділерін, үкіметтік емес ұйым өкілдерін  осынау маңызды істің бір жағынан шығысуға шақырды.             ­

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар