Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Емдеуден бас тартқан 4 адам тергеуге алынды - АРҚА АЖАРЫ

Емдеуден бас тартқан 4 адам тергеуге алынды

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев емделуден бас тартқан және өздері байланыста болған адамдарды жасырған 4 қазақстандықтың тергеуге алынғаны туралы мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, олар өздері жасырынғаны былай тұрсын, байланыста болып, қарым-қатынас жасаған адамдарын айтудан бас тартыпты. Сонымен бірге, ведомство басшысы Қазақстанда індеттің салдарынан 32 адамның қамауға алынғандығын атап өтті. Олардың бір бөлігі ақша ұсынып, карантинге жабылған Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына өтпекші болыпты, енді бір бөлігі адамдарды ақшаға блок-бекеттерден өткізуге тырысқан.

Сонымен бірге, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев карантин ережелерін бұзып, үйлерінен далаға шыққан астаналықтар мен алматылықтарға қатысты қолданылған шаралар туралы айтқан болатын. Көшеде жүрген азаматтарға полиция қызметкерлері келіп, олардың қайда бара жатқаны туралы сұрауы мүмкін. Егер тұрғындар ешқандай да бір негізсіз далаға шықса, оларға ескерту жасалады. Тәртіпке бағынбай бұл әрекетін қайталайтындар 26500 теңге көлемінде айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке қамалады.  Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында карантин тәртібін бұзғандар жүз адамнан асып отыр. Олардың барлығы тиісті жауапкершілік жазаларына тартылуда.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар