Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетауда бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетауда бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Бүгін Көкшетауда коронавирустің алғашқы дерегі тіркелді. Бұл туралы Ақмола облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Брифингте сөз алған басқарма басшысы Сүлен Ілиясов бүгінгі таңда елімізде коронавирустің 369 дерегі тіркелгенін, оның ішінде 15 дерек біздің облысымызда анықталғанын айтты. Коронавирус жұқтырғандардың саны еліміз бойынша күн санап ұлғайып келеді. Мәселен, бүгінгі күннің өзінде облыста коронавирустің 5 жаңа дерегі тіркелген. Оның төртеуі коронавирус жұқпасы лабораториялық расталған науқастармен байланыста болғандар. Олар тері-венерологиялық диспансеріндегі провизорлық стационарда карантинде болған екен. Екі науқас Қоянды ауылының тұрғындары,  1984 жылы туған әйел адам және 2017 жылы туған бала. Одан кейін Қосшы ауылының 1962 және 2011 жылғы тұрғындары.

Ал, Көкшетауда коронавирус жұқтырған адам облыстық көпбейінді аурухананың санитары болып шықты. Басқарма басшысының айтуынша, науқас өзін жайсыз сезінгендіктен, терапевтке қаралуға өзі барған. Кеше кешкісін одан тиісті анализдер алынып, коронавирус жұқпасын жұқтырғаны бүгін анықталған.

Науқас Ақмола облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылған.  Қазіргі таңда облыстық ауруханада карантин жарияланды деді Сүлен Ілиясов. Коронавирус жұқтырған 1962 жылы туған әйел адаммен 35 адам байланысты болды деген болжам бар. Олардың барлығы да қазіргі таңда оқшауланған. Оның ішінде науқаспен бірге тұратын отбасының төрт мүшесі де бар. Бұл іске байланысты эпидемиологиялық тексерістер жүргізіліп, науқас жұқпаны қандай жағдайда және  қалай жұқтыруы мүмкін екені анықталып жатыр.

Бүгінгі таңда облыс стационарларында 174 науқас жатыр. Жұқпалы аурулар бөлімшесінде 13 адам,  Нұр-Сұлтан қаласының фтизиопульмонология бөлімшесінде 2, провизорлық стационарда 94 адам ем қабылдауда. Тағы 65 адам карантиндік стационарларда бақылауда.  362 адам үй карантиніне алынған.

Брифингте сөз алған  Ақмола облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина қазіргі таңда облысымызда коронавирус жұқтырған науқастармен байланысты болған тұлғалар анықталып, олардың үй-жайлары, қоғамдық орындар залалсыздандырылып жатқанын айтты.

 

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар