Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстанда төтенше жағдай режимі кезеңіне мемлекеттік әлеуметтік көмектің көлемі артты - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстанда төтенше жағдай режимі кезеңіне мемлекеттік әлеуметтік көмектің көлемі артты

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезеңіне (бұдан әрі – ТЖ) азық-түлік пен тұрмыстық жиынтығын алушылардың тізімін кеңейтті.

Әлеуметтік-еңбек саласындағы жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсету ережелеріне және төтенше жағдай кезеңінде халықтың жекелеген санаттары үшін азық-түлік пен тұрмыстық жиынтығын ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітіледі.

Атап айтқанда, жоғарыда аталған тізімге барлық жастағы III топтағы мүгедектер мен жұмыссыз азаматтар қосымша енгізілді.

Енді азық-түлік пен тұрмыстық жиынтықтарды азаматтардың келесі санаттары алатын болады:

– атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;

– медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

– медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер;

– мүгедек баланы тәрбиелеуші;

– жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар.

Бүгінгі таңда төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап шамамен 180 мың адам азық-түлік және тұрмыстық жинақтармен қамтамасыз етілген.

Осы көмек түрін алушылардың тізімін жергілікті атқарушы органдар жасайды.

Сонымен қатар, Қазақстанда ТЖ режимін енгізуге байланысты тікелей қарым-қатынасты болдырмау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жәрдемақы тағайындауды автоматты түрде ұзартады. Ал бірінші рет өтініш білдірген жағдайда учаскелік комиссия байланыс құрылғылары арқылы тексеру жүргізеді. Қызмет көрсету нәтижесі туралы ақпаратты азамат пошта немесе мессенджер арқылы алады.

Сондай-ақ бұйрықта төтенше жағдай кезеңінде медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту «Электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылатыны көрсетілген.

Түзетулерге сәйкес, егер қайта тексеру мерзімі бір ай ішінде немесе төтенше жағдай кезеңінде түссе, онда мүгедектікті анықтау және еңбекке жарамсыздық деңгейі төтенше жағдай режимі кезеңіне автоматты түрде ұзартылады.

Бұл ретте төтенше жағдай кезеңінде мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеу бұрын белгіленген топ және жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесі бойынша жүзеге асырылады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар