Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетауда төтенше жағдай режимін бұзған мейрамхана иесі қамауға алынды - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетауда төтенше жағдай режимін бұзған мейрамхана иесі қамауға алынды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — Ағымдағы жылдың 1-ші сәуірінде Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен төтенше жағдай режимін бұзған кәсіпкер ҚР ӘҚбК 476 бабы бойынша, 15 тәулікке қамау түрінде әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алтын шаңырақ» мейрамханасының иесі уақытша шектеу туралы норманы елемей, 60 адамға банкет өткізген», — дейді ведомстводан.

Прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, мейрамхана иесіне осыған дейін де төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жаза ретінде айыппұл салынған.

«Кәсіпкер енді алдағы 15 күнін Көкшетау қалалық ПБ қабылдау-үйлестіру қосынында жазасын өтейтін болады. Жалпы, Көкшетау қаласында төтенше жағдай режимін бұзған 17 тұлға соттың шешімімен әкімшілік жауапқа тартылды», — деп толықтырды ведомстводан.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/kokshetauda-totenshe-zhagday-rezhimin-buzgan-meyramhana-iesi-kamauga-alyndy_a3632713

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар