Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Төтенше жағдай кезеңінде салықты мәжбүрлеп өндіру тоқтатылды - АРҚА АЖАРЫ

Төтенше жағдай кезеңінде салықты мәжбүрлеп өндіру тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Төтенше жағдай кезеңінде салықты мәжбүрлеп өндіру тоқтатылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шағын және орта бизнесті еңбекақы төлеу қорынан алынатын салық және әлеуметтік төлемдерден 6 айға, яғни ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін босату қарастырылған. Бұл шара туристік қызмет, қоғамдық тамақтану, қонақүй бизнесі салаларын, ірі сауда объектілерін, сауда ойын-сауық орталықтарын, кинозалдар, театрларды, көрмелер мен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын, көлік қызметтерін, консультациялық қызметтер мен ақпараттық технологияларды, тамақ өнімдерін өткізу мен дәріханаларды қоспағанда сауда субъектілерін қамтиді», — деді министр.

Оның атап өтуінше, салықтық әкімшілендіру бөлігінде 2020 жылдың 1 маусымына дейін шағын және орта бизнес субъектілері үшін барлық салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді және әлеуметтік жарналарды төлеуді кейінге қалдыру шарасы енгізілді.

«Бұдан басқа, төтенше жағдай кезінде салықтық тексерулер мен салық, кеден және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіру тоқтатылды. Жалпы, жоғарыда көрсетілген барлық шаралар 700 мың салық төлеушіні қамтиды», — деді Руслан Дәленов.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/totenshe-zhagday-kezeninde-salykty-mazhburlep-ondiru-toktatyldy_a3632589

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар