Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Төтенше жағдай талаптары қатаң орындалсын - АРҚА АЖАРЫ

Төтенше жағдай талаптары қатаң орындалсын

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев коронавирус инфекциясына байланысты елімізде енгізілген төтенше жағдай режимі кезінде Көкшетау қаласында ашылған саll-орталық, ситуациялық штаб және блокбектердің жұмысымен танысып, дезинфекциялық шаралар тиісті деңгейде жүргізуді және санитарлық жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.

Аслан ОСПАНОВ,

«Арқа ажары»

Облыс әкімі алдымен Көкшетау қаласы әкімдігінің ғимаратында орналасқан саll-орталықтың жұмысымен танысты. Орталықта тәулік бойы мамандар телефон арқылы тұрғындармен жұмыс жүргізеді. Мамандардың айтуынша, соңғы күндері қоңырау шалушылардың саны артқан.

– Кеше күні бойы 90 адам қоңырау шалса, бүгін түскен дейін  76 адам хабарласты. Адамдар негізінен қалаға кіріп шығу, оқушылардың қашықтықтан оқуы, тауарлардың бағасы сияқты мәселелерге байланысты сауалдарын қоюда, – дейді қалалық әкімдіктің құжаттарды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Диляра Искакова.

Сall-орталық қала тұрғындарына үйде отырып, толғандырған сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, білім, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық төңірегіндегі сұрақтарды білуге болады. Орталықта бес маман тұрғындардың телефон қоңырауларын қабылдайды. Ол үшін дүйсенбіден сенбіге дейін таңғы сағат 9:00-ден, кешкі сағат 20:00 дейін қалаішілік 25-20-25 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.

– Карантиндік шаралар орын алып отырған жағдайға байланысты енгізілді. Өкінішке орай, коронавирус инфекциясының таралу географиясы ұлғайып, біздің қаламызға да жетті. Сол себепті, Көкшетау қаласының әр тұрғыны өзі үшін, өзінің отбасы үшін сақтық шараларын қолға алуы тиіс. Тұрғындарғы далаға шығуды азайтып, үйде отыруға кеңес береміз.  Сол үшін Сall-орталықты ашып отырмыз. Кез-келген сұрақты осы орталыққа қойып, мамандардан кеңес алуға болады. Орталық мамандары да қойылған әрбір сұрақты мұқият тыңдап, оны шешетін жауапты тұлғаларға жеткізулері тиіс, – деді Ермек Маржықпаев.

Сонымен қатар, облыс басшысы полиция департаментінің жедел басқару орталығының жанынан ашылған ситуациялық штабта болды. Наурыз айының ортасында ашылған штабта блокбекеттерге қатысты мәліметтер алынып, өңделеді. Полиция қызметкерлері онлайн режиде облыстағы көліктер мен науқастардың қозғалысын бақылап отырады. Штабқа тәулігіне 150-200 шамасында қоңырау шалынады. Мұнда  109 қысқа нөмірі немесе қалалық 29-90-23 нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Облыс басшысы полиция қызметкерлерінің жұмысы туралы сұрап біліп, еңбектері оң бағаланатынын атап өтті.

Бұдан әрі, облыс әкімі Көкшетау қаласының кіріп-шығатын жолдарында орналасқан блокбекеттерде болып, ондағы жағдай, станционарлық жабдықталуына назар аударып, патрульдік полиция қызметкерлерінің сауалдарына құлақ түрді.

Мәселен, «Көкшетау — Петропавл» автожолының бойында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының шекарасында екі блокбекет орналасқан. Оның әрбіреуінде патрульдік полицияның 13 қызметкері мен 2 санитарлық дәрігер жұмыс істейді. Мұндағы мамандар ситуациялық штабпен тығыз байланыста. Көліктер туралы мәліметтерді планшеттің көмегімен мәліметтер базасына енгізіп отырады.

– Біздің басты міндетіміз жеке көліктердің қозғалысын шектеу. Дегенмен, ауыл техникалары, құрылыс материалдары және азық-түлік тиелген автокөліктердің жүруін қамтамасыз етуіміз керек.   Карантиндік шаралар көктемгі дала жұмыстары мен  алдағы күзде облыс орталығында өтетін Қазақстан және Ресей арасындағы әріптестік форумына дайындық ретінде салынып жатқан нысандардың құрылысының уақтылы аяқталуына кедергі келтірмеуі тиіс, – Ермек Маржықпаев.

Айталық, бүгінгі күні Ақмола облысы бойынша барлығы 50 блокбекет орналасқан болса, Көкшетау қаласының кіріп-шығатын жолдарында барлығы 12 блокбекет бар. Нақтырақ алсақ, «Көкшетау — Рузаевка», «Көкшетау-Омбы», «Айналма жолда Есіл жанар-жағар май құю стансасының маңында»,  «Қарасай шоссесі 7 шақырым, «Симферополь кенті КТи полигоны», «Краснояр ауылынан шыға берісте», «Нұр-Сұлтан-Көкшетау», «Көкшетау-Зеренді», «Қызыл жұлдыз» ауылына шыға берісте» тәрізді бағыттарда блокбекеттер орналасқан.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар