Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
БҒМ қашықтан оқыту турасында: Мектептерде қатып қалған сабақ кестесі жоқ - АРҚА АЖАРЫ

БҒМ қашықтан оқыту турасында: Мектептерде қатып қалған сабақ кестесі жоқ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мұғалімдерді, ата-аналарды немесе оқушыларды мәжбүрлеуге болмайды. Бұл туралы бүгін онлайн брифингіде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім және ғылым министрлігі мониторинг жүргізіп отыр екен деп, барлық мұғалімдерді, ата-аналарды немесе оқушыларды күштеп, платформаларға қосылыңдар деп мәжбүрлеуге болмайды. Біз тек қазіргі уақытта төртінші тоқсан қашықтан оқыту форматында қалай басталғанын байқап отырмыз. Осы орайда бұл процеске мұғалімдер мен оқушылар қаншалықты кірісе алғанын қарап шықтық. Жалпы, жақсы үрдісті байқадық, 3 миллионнан астам оқушы бар болса, соның 1 миллионға жуығы пайдаланып жатыр», — деді вице-министр.

Осы орайда ол қашықтан оқыту кезінде туындаған кемшіліктер зерделеніп отыратынын атап өтті.

«Мектептерде қатып қалған сабақ кестесі жоқ. Осы орайда әр мектепте мұғалімдер өздеріне ыңғайлы сабақ кестесімен жұмыс істейді, педагогтерге шығармашылық еркіндік беріледі», — деді Ш. Каринова.

Сонымен қатар вице-министр қашықтан оқыту кезінде бүгін таңертең бастауыш сынып оқушылары білім беру жүйелерін белсенді пайдаланғанын айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қашықтан оқыту кезінде мұғалімдерден есеп беру талап етілмейді.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/bgm-kashyktan-okytu-turasynda-mektepterde-katyp-kalgan-sabak-kestesi-zhok_a3634202

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар