Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында коронавирус жұқтырғандардың алды 99 жаста - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында коронавирус жұқтырғандардың алды 99 жаста

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында 9 сәуір сағат 10:00 жағдай бойынша COVID-19 жұқтырғандардың саны 56 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, COVID-19 тағы 13 адамнан табылды. Қауіпті індетті жұқтырғандардың алды 99 жаста, олардың барлығы арнайы әлеуметтік көмек алушылар.

«Осыған дейін талдау материалы әлеуметтік көмек алушылар мен қызметкерлерден (жақын байланыста болған 216 адам) алынған еді. Оның ішінде орталықтың 34 әлеуметтік көмек алушысы және 1963 жылғы қызметкерінің бойынан қауіпті инфекция анықталды. Бұлардың барлығы 2-ші сәуірде көз жұмған Целиноград ауданының 1947 жылғы тұрғынымен байланыста болғандар», — дейді ведомстводан.

Сонымен қатар, облыстың станционарында 371 науқас жатыр. Жұқпалы аурулар ауруханасында – 40, провизорлықта – 97, карантиндік стационарда – 234 адам жатыр. Ал, үй карантинінде 792 адам бар.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/akmola-oblysynda-koronavirus-zhuktyrgandardyn-aldy-99-zhasta_a3635791

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар