Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Біржан елі бейқам отырған жоқ - АРҚА АЖАРЫ

Біржан елі бейқам отырған жоқ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет аумағында коронавирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай жариялауы күрес ауқымын арттыруда.

Біржан сал ауданының барлық елді мекенінде облыс, аудан әкімдерінің тұрғындарға арнаған үндеулері азаматтарды жинақылық пен жауапкершілікке бастағаны көрініп тұр. Аудандық ішкі саясат бөлімінің бастамашылдығымен ақпараттық-насихат тобы бекітілген кестеге сай ауылдарда бірнеше кездесу өткізді. Тұрғындар жиналыстарында осынау күрделі кезеңде әрбір азаматтың індетпен күрестегі белсенділігі, тәртіп қағидаттарын сақтау және сабырлылық таныту маңызды екендігіне екпін түсірілуде.
Аудан әкімі Ермек Нұғыманов басшылық жасайтын жедел штаб тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілген. Арнайы қызмет өкілдері, еріктілер аудан орталығы мен барлық елді мекендерде індетке қарсы шараларды атқаруға жұмылдырылып, бұл іс қатаң бақылауда ұсталуда. Медициналық мекемелер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Дәрі-дәрмектер, дезинфекциялық құралдар мен тиісті жабдықтардың қоры жасалған. Щучинск қаласындағы «Дезинфекция стансасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім-шарт жасалып, бұл шара кең ауқымда атқарылуда. Дәрігерлер мен медициналық құрам кез-келген жағдайда икемді қызмет көрсете алады және алгоритмдік қимыл әркеттері пысықталды. Орын алған жағдайға байланысты уақытша демалысқа жіберілген педагогтар мен өзге де қызмет өкілдерінің еңбекақысы сақталады.
–Атқарушы орган әлеуметтік маңыздағы тауарлар бағасына тұрақты мониторинг жүргізіп отырады. Осының нәтижесінде бағаның айта қаларлықтай өсуіне жол берілмеуде. Ең бастысы, қазіргі күрделі жағдайда ауданымыздың әрбір тұрғыны өзара түсіністік, тәртіп және жауапкершілік қағидаттарын сақтауға жұмылуы тиіс. Ел ішіндегі үгіт-насихат жұмыстары бір сәт те тоқтаған емес. Арнайы қызмет өкілдері, шаруашылық құрылымдарының басшылары, кәсіпкерлер, қарапайым тұрғындар көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларына, қарияларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға материалдық көмек көрсетуде. Бұл орайда, еріктілер, мәдениет саласының қызметкерлері де ортақ істің бел ортасында жүр, – дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самат Бермағамбетов.
Бақберген Амалбек,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Біржан сал ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар