Ауа райының жаманы жоқ

Ақмола облысы бойынша «Қазгидромет» орталығының хабарлауынша, 2019-2020 жылдардағы қыс айлары қарлы әрі жылы болуымен ерекшеленді. Орташа айлық температура нормадан 3-7 градус төмен болды. Топырақтың қату деңгейі де солай. Ағымдағы жылдың бірінші наурызындағы жағдай бойынша өзен бассейндеріндегі ылғал қорының мөлшері орташа деңгейден жоғары және 2017 жылғы көрсеткіштен 14-59 пайызға артық болған. Қыс мезгілінде филиал мамандары 1500 шақырымнан астам жолды зерттей келе, қардың биіктігі 30-50 сантиметр, кей жерлерде 100-110-ға дейін жеткенін анықтады.

Ақмола облысы бойынша «Қазгидромет» орталығының басшысы Бақыт Мақажанованың айтуынша, синоптикалық жағдайға шолу жасау барысында белгілі болғанындай, өткен аптадан бері облыста ауа райы қолайлы, негізінен жауын-шашынсыз болды. Ауаның орташа температурасы 10-нан 20 градусқа дейін ауытқып, күндіз 23-28 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. Сондықтан, сәуірдің соңына дейін температураның құбылуы тұрақсыз болады. Бұл циклонның Ресейдің еуропалық бөлігінен өтуіне байланысты болып отыр. Кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркіреп, жел күшейеді, күндіз температура 8-16 градусқа дейін төмендейді.
Мамыр айындағы ауа райының орташа температурасы + 12 + 14°С болады деген болжам бар. Түнгі температура 10-15 градусқа дейін. Алайда, мамыр айында, сонымен қатар, түнде облыста салқын болады, кей жерлерде температура 5°С-қа дейін төмендейді. Ал, күндізгі температура +22-ден +27 градусқа дейін жылынады. Жалпы, облыс аймағында жауын-шашын нормаға сәйкес 27-43 миллиметр, бірақ, облыстың солтүстік-шығыс бөлігінде ол нормадан сәл жоғары болады деп күтілуде. –Жауын-шашынның соңы қарға ауысады, кей жерлерде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы15-20 метрге дейін күшейіп, шаңды дауыл тұруы ықтимал, – дейді басқарма басшысы. Сондықтан, ауа райы болжамына мән беріп жүрейік. Өйткені, табиғаттың тосын сыйлары әркез өзгеріп отырады.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар