Көктемгі егіс-2020

Мол өнім алудан үмітті

Ақмола облысындағы ең ірі астықты өңірдің бірі – Жақсы ауданы биылғы егіс науқанына үлкен дайындықпен келді. Шаруашылықтар қажетті тұқыммен және жөнделген ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етілген. Кепілдендірілген дизель отыны толық тасымалданып алыныпты.

Ауданның 470,5 мың гектар егістік алқабы бар. Оның ішінде 447,1 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақты дақылдар, 379,2 мың гектар жерге бидай, 60,3 мың гектар алқапқа арпа, 6,3 мың гектарға сұлы, 14,4 мың гектар алқапқа майлы дақылдар, 12,2 мың гектар жерге зығыр, 0,7 мың гектарға күнбағыс, 1,5 мың гектар алқапқа горчица, 8,4 мың гектар жерге азықтық дақылдар себіледі. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Айжан Ділдебаеваның айтуынша, қазір ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері биылғы жылдың егісіне 55,8 мың тонна тұқым дайындауда. Бүгінгі күні тұқым сұрпын жаңарту үшін 1 мың тонна тұқым сатып алды. «Имран Агро», «Ишим астық» серіктестіктері Қостанай облысының «Әділ» шаруа қожалығынан 500 тонна, «Тарас» серіктестігі «Свободный» серіктестігінен 1000 тонна, «Серп» серіктестігі «Заречный» серіктестігінен 1000 тонна, шаруа қожалықтары 300 тонна тұқым сатып алды. Әлі де 2,5 мың тонна тұқым сатып алуға келісімдер жасалды. «Түгел Әубәкір» серіктестігі Қостанай облысынан 1 мың тонна бидай, шаруа қожалықтары Ақмола облысынан 1,5 мың тонна тұқым сатып алуды межелеп отыр.
–Элиталық тұқым шаруашылықтары биылғы көктемгі егіске 4,5 мың тонна элиталық, 6 мың тонна бірінші репродукциялық, 0,3 мың тонна екінші репродукциялық тұқым сатты. Тұқым зертханасына 55,8 мың тонна тұқым түсіп, 53,8 мың тоннасы тексерілді. Оның 8,7 мың тоннасы 1 класқа, 20,4 мың тоннасы 2 класқа, 24,6 мың тоннасы 3 класқа жатқызылды. Аудандағы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 6455 тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінді. Оның 1 литрі 165 теңге тұрады. Жанармайдың 2793 тоннасы наурызда, 1430 тоннасы сәуірде тасымалданып алынды. Аудан бойынша техниканың дайындығы 98 пайызды құрайды. Егіс науқаны кезінде 815 трактор, 122 егіс кешені, 1180 сеялка, 539 жүк автокөлігі, 563 тіркеме және 2152 көмекші техника пайдаланылады. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы құрылымдары 4 трактор, 1 комбайн, 34 егіс кешенін, 18 көмекші техника сатып алды. Өткен жылдың төртінші тоқсанында және биылғы жыл басынан бері шаруашылық субъектілері 4274 тонна минералдық тыңайтқыш сатып алды,–деді Айжан Ділдебаева өз сөзінде.
Аудан диқандары агротехникалық және химиялық шараларды жүргізетін болады. 202,3 мың гектар алқаптың ылғалы жабылмақ. 164,1 мың гектар жер өңделеді. Егіс кезінде орташа тәуліктік өнімділік 26 мың гектарды құрайтын болады. Оның ішінде сеялкамен 7,3 мың гектар алқапқа, егіс кешенімен 19 мың гектар жерге дән сіңіріледі. Ауа райының жағдайына байланысты егіс науқанын 18-22 жұмыс күні ішінде аяқтауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, 470,1 мың гектар алқапқа химиялық өңдеу жүргізіледі. 70,4 мың гектар жердің парын өңдеу көзделуде. Сөйтіп, аудан диқандары биыл да мол өнімнің негізін қалайтын болады.
Боранбай КӨМЕКЕЙ.
Жақсы ауданы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар