Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Апат - АРҚА АЖАРЫ

Апат

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайға байланысты зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды. Өткен жұмада, яғни, 1 мамырда қалың нөсер жаңбыр жауып, қатты жел соғуы салдарынан Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылған болатын. Қазақстанмен шекаралас Сырдария облысында орналасқан су қоймасы бөгетінің бұзылуынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданының елді мекендеріне, коммуникациялық желілерге, егістіктерге зақым келіп, су қоймасына жақын маңдағы махаллалардың тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген-ді.

Президенттің тапсырмасына сай Премьер-Министр Асқар Маминнің Өкімімен Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басу салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярдың төрағалық етуімен комиссия құрамына орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының басшылары кірді. Комиссия алдына келтірілген залалды бағалау және су басу салдарын жою, инженерлік, көліктік, әлеуметтік инфрақұрылымды, тұрғын үйлерді қалпына келтіру, сондай-ақ зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсету міндеттері қойылды. Естеріңізге сала кетейік, 1 мамырда Сардоба су қоймасы бөгетін су шайып кетуіне байланысты Өзбекстанның Сырдария облысындағы елді мекенді су басты. Соның салдарынан Мақтаарал ауданында шекара маңындағы бірнеше коллектор суға толып қалған. Мақтааралдағы орталық коллектордан су сыртқа жайылып, Жеңіс, Жаңа тұрмыс ауылдарын су алып кетті. Кейін тағы да 10
ауылды су алғаны белгілі болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар