Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мерейлі жылдың мағыналы белестері - АРҚА АЖАРЫ

Мерейлі жылдың мағыналы белестері

Ақмоланың киелі топырағында дүниеге келіп, қазақ өнерінің дамуына елеулі үлесін қосқан Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Ақан сері секілді дүлдүлдер мен Еркеш Ибраһим, Сәкен Жүнісов сынды ақын-жазушылар өңірімізде аз емес.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыста «Көкшетау – Нұр-Сұлтан» тас жолы бағытының бойында Абылай ханның немересі, қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы, Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, сияқты тарихи тұлғаларға ескерткіш орнату бо-йынша «Көкше жерінің ұлы тұлғалары» атты жоба жүзеге асырылды.

Облыста бүгінде жұмыс істеп жатқан 660 мәдениет мекемесінде 3 мыңнан астам өнер майталмандары еңбек етуде. Бұл мекемелердің 632-сі мемлекеттік, 28-і жеке меншік нысандар. Ауылдық жерлерде 250 клуб, 304 кітапхана жұмыс істейді. Мәдениет саласында еңбек етіп жүргендердің біреуі Қазақстанның халық әртісі, 9-ы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», 5-еуі «Құрмет және Парасат» ордендерінің иегері, 103-і «Мәдениет қайраткері» және «Мәдениет саласының үздігі» құрмет белгісімен марапатталғандар. Сонымен бірге, 41-і ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің құрмет грамотасының, 8-і «Еңбек ардагері» медалінің және 19-ы мәдениет саласының түрлі марапаттарының иегерлері.
Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне біздің облыстың 11 нысаны, ал, Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне 35 нысаны енгізілді. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы жергілікті маңызы бар 1032 ескерткішті мемлекеттік тізімге қосты.
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы 73 жыл ішінде талай шығармашылық ұжымдар мен әншілерді, дирижерлерді түлетіп, өнер айдынында шалқытып, өсіріп шығарды. Олардың біразы қазір республика аумағында, шет ел сахналарында өнер көрсетіп жүр. Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры мен облыстық орыс театры көрермендеріне ұлттық дүниетанымды насихаттайтын 231 қойылым ұсынып, зор ықыласқа бөленді.
Ақмола облысында 11 музей жұмыс істейді, онда еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтау және насихаттау, өскелең ұрпаққа патриоттық, рухани және адамгершілік тәрбие беру бойынша ауқымды жобалар ұйымдастырылып, түрлі танымдық іс-шаралар өткізіліп тұрады.
2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану және М.Ғабдуллин музейлерінде ауқымды реэкспозициялар өткізіліп, өнер және әдебиет музейіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Заманауи инновациялық технологияларды қолдана отырып салынған жаңа экспозициялық залдарда өлке тарихының ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі барлық кезеңдері көрсетілген. Облыстық өлкетану музейі мен оның филиалдарының қор жинағы жыл са-йын жаңа коллекциялармен толықтырылып, бүгінгі таңда оларда 120 мыңнан астам жәдігер жинақталған.
Қазіргі дамыған уақыттағы жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы заманауи кітапхананың келбетін өзгертті. Облыста 342 мемлекеттік кітапхана жұмыс істейді. Жалпы облыстық кітапханаларда 12 ірі жоба іске асырылды. Аймақта 70 модельді кітапхана бар, оның 49-ы ауылдық жерлерде орналасқан. Сондай-ақ, өңірде 21 коворкинг-орталықтар жұмыс істейді.
2019 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 192,8 миллион теңге қаржыға 13 мәдениет нысанына ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы негізінде бөлінген 1 688 977, 4 мың теңге сомаға 38 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде 8 мәдениет нысанына күрделі жөндеу, 29 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді және «Оқжетпес» мәдениет үйінің шатыры ауыстырылды. Осы жобаларды жүзеге асыру барысында 422 адам жұмысқа орналас-тырылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 211 адам тартылды. Бұдан басқа бюджеттен тыс қаражат есебінен жыл сайын ауылдағы мәдениет нысандарына бизнес-құрылымдар тарапынан қолдау көрсетіледі.
2019 жылы ұйымдастырылған «Айтыстың қос тарланы – Көкен, Мұса» облыстық айтысы, «Көзайымым, Көкшетау!» ақындар фестивалі, 500 адамнан тұратын домбырашылардың күй орындауымен «Домбыра» архитектуралық композициясының ашылуы, «Көкшетау – тал бесігім» дәстүрлі өңірлік VI музыкалық фестивалі, «Ақмола жұлдыздары» облыстық көркемөнерпаздар байқауы нәтижелі аяқталды. Осындай өнер байқаулары арқылы біз аймақтан 110 шығармашылық ұжым мен 151 жаңа есімдер мен солистерді анықтадық.
Щучинск-Бурабай курорттық аумағын дамыту мақсатында 20-дан астам мәдени маңызы бар іс-шаралар өткізілді. Қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен «Жұлдызды маусым» жобасы жүзеге асырылды.
Облыста 2 513 клубтық құрылымдар жұмыс істеп, онда 30 600 адам еңбек етуде. Түрлі жанрлық бағытта еңбек ететін 1942 шығармашылық ұжым тұрақты жұмыс істеуде және дамуда, оның 111-інің «Халықтық» және «Үлгілі» атақтары бар. Олар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаһандық әлемдегі қазіргі Қазақстан» арнайы жобасы аясында шет елдердегі халықаралық фестивальдарға қатысып, тәжірибе алмасуда. Өткен жылы облыс әкімінің қолдауымен Бурабайда шет елдерден келген 20 суретшінің қатысуымен «Бурабай аңыздары» халықаралық форумы, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан театрларының қатысуымен «ТеART-Көкше» халықаралық театр фестивалі болып өтті.
Биыл облыстың мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық, Әл-Фарабидің 1150 жылдық және Алтын Орданың 750 жылдық, Ұлы Жеңістің 75 жылдық атаулы даталарын мерекелеуге бірқатар іс-шаралар жоспарланып, өткізілуде.
Облыстық әкімдіктің қолдауымен М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Әл-Фараби және оның рухани мұрасы» атты ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, оған Қазақстан мен Түркия елдерінің ғалымдары мен зерттеушілері қатысты.
«Дара – Абай, дана – Абай» республикалық жазба ақындар айтысы өткізілуде. Облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» атты Абай әндерін орындаушылардың облыстық фестивалін ұйымдастырып жатыр.
Облыста атап өтілетін биылғы жылдың маңызды іс-шараларының бірі – Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің 100 жылдығына арналған «Музей ғасыры» жобасы. Оның барысында «Қасиетті қазына» мерейтойлық фотоальбомын шығару, көрмелер, дәрістер, музей сабақтарын, дөңгелек үстелдер, сондай-ақ, жазғы маусымда «Музей тарихы – біздің жадымыздың тарихы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу жоспарлануда.
2018 жылы тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға мемлекеттік лицензия алған облыстық тарихи-өлкетану музейі ағымдағы жылы «Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі – Жәнібек ханның кесенесін зерттеу» ғылыми-зерттеу жобасы аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлауда. Бұл жоба Жәнібек хан кесенесінің антропологиялық материалдарын анықтау арқылы Қорғалжын ауданының аумағында осы кезеңнің сәулетіне сәйкес келетін кесене тұрғызуға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин музейінің 25 жылдығы және батырдың 105 жылдық мерейтойына орай, «Мен халықтың ұлымын» эпистолярлық мұрасы, «Қазақ баласы» және «Тағылымды жобалар мен тәлімді бастамалар» атты еңбектерін басып шығару жоспарлануда. Бұл еңбектер мерейлі өткерген белестің нәтижелері.
Ұлтымыздың мәдени мұрасы – ұлт рухының көрінісі. Алдағы уақытта өңірімізде ауқымды жобаларды жүзеге асыру жалғасын табады. Ұлт болашағына ұлтымыздың ұлық өнерінің қосар үлесі мол боларына сеніміміз мол. Жаңару арқылы жарқын болашаққа жетейік!

Гүлмира БЕКНАЗАРОВА,
Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар
басқармасы басшысының міндетін атқарушы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар