Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Түркістан облысында коронавирус жұқтырған науқастар халыққа үндеу жолдады - АРҚА АЖАРЫ

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған науқастар халыққа үндеу жолдады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар мен дәрігерлер мәлімдеме жасады. Олар халықты сақтық шараларын қадағалап, өз денсаулығына немқұрайлы қарамауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Коронавирус індетіне шалдыққандардың бірі – Ділдар Атаханова. Ол Кентау қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыр халде жеткізілген. 52 жастағы науқастың тек бесінші күні беті бері қараған. Оған дәрігерлердің шұғыл медициналық көмегі септігін тигізген.
Түркістандық ана ұлының да осы ауруға шалдыққанын айтып, короновирусқа сенбейтіндерді абай болуға шақырды.
Ауруханада ем қабылдап жатқан тағы бір науқас Төлеген Езтілеуов – Арыс қаласының тұрғыны. 72 жастағы науқас та ауруханаға өте ауыр халде жеткізілген. Қарияның жағдайы қазір жақсарған. Зейнет жасындағы ақсақал бұл дерттің тым қауіпті екенін айтып, халық арасында коронавирус індеті жалған деген қауесетке сенбейтіндерге сақтану керектігін ескертті.
Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы бойынша covid-19 инфекциясына 247 азамат шалдыққан. Оның арасында 157 адам жазылып шыққан.

https://www.inform.kz/kz/turkistan-oblysynda-koronavirus-zhuktyrgan-naukastar-men-darigerler-halykka-undeu-zholdady_a3652454

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар