Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бір-бірімізге демеу болайық - АРҚА АЖАРЫ

Бір-бірімізге демеу болайық

Биылғы жылы дүниені дүр сілкіндірген коронавирус дерті елімізге де жетіп, өңірде төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Жұрт далаға шыға алмай, үйде отырды.

Бұл жағдайдың да артында бір жақсылығы болар, тек ел аман болсын. Халқымыз небір заманды басынан кешірмеді дейсіз. Өткенді еске алсақ, 30-жылдардағы аштық пен қуғын-сүргінде, төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысында қазақ не көрмеді. Солардың артының қайыры болып, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман да болды. Ендеше ақырын күтейік, шыдамдылық танытайық. «Біз біргеміз» деген ұран аясында бір-бірімізге демеу болып, қолымыздан келгенше көмегімізді берейік. Қазақстанға жан-жақтан қайырымдылық көмек келіп жатыр. Сондай-ақ, өңіріміздің ауқатты адамдары жетім-жесірлер, көп балалы отбасылар, қарттар сияқты әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға көмектесуі қуанарлық жағдай.
Осындай игі істі біздің ауылдың кәсіпкерлері де қолға алып жатыр. Бозайғыр ауылы орталығында «Дина» атты үлкен дүкен орналасқан. Осы дүкеннің иесі ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немере-шөбере сүйіп отырған, елге танымал Уазира апай. «Қариясы бар үйдің қазынасы мол» демекші, ол балаларының ақыл-кеңесшісі, қамқоршысы. Мәселен, оның ұлы мен келіні ауылдың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарына азық-түлік салынған пакеттер таратты. Қайырымды жандардың бұл сауапты ісіне қатты қуандым. Олардың Рамазан айында жасап жатқан жақсылықтары көпшілікті қуанышқа бөледі.
Жомарттық – халқымыздың қанында бар қасиет. Жарты нанды жарып жеген, бүтін нанды бөліп жеген қазақпыз. Бәрекелді, осылай болу керек. Әркім бір-біріне қолынан келген көмегін берсе дәтке қуат қой. Ауылымыз үлкен, тұрғындардың саны да көп. Әр отбасы бір-екі метр матадан бетперде тігіп, тегін таратса, ол да үлкен көмек. Істеген жақсылықтың есесі қайтады. Қасиетті Рамазан айында ұстаған оразаларың қабыл болсын. Мына індеттен аман-есен құтылып, келер оразаны көруге жазсын!
Қапан САДҒУЖИНОВА,
зейнеткер.
Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар