Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қызмет көрсету орталықтары жұмысқа кірісті - АРҚА АЖАРЫ

Қызмет көрсету орталықтары жұмысқа кірісті

Облыстық әкімдік жанынан құрылған төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі штабтың қабылдаған шешімімен Көкшетау қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтары қайта жұмыс істей бастады.

Осыған орай, Әуезов көшесінде орналасқан №1 халыққа қызмет көрсету орталығы мен мамандандырылған қызмет көрсету орталығы біраз уақыт үзілістен кейін өз жұмыстарын қайта жалғастыруда. Жұмыс уақыты таңертеңгі 09.00-ден-кешкі 17.00-ге дейін. Ең алдымен кәсіпкерлік нысандары бойынша қызметтер көрсетіледі. Шектеу ережелерін сақтау мақсатында және адамдар шоғырланбас үшін әкімдік тарапынан алдын ала жасалған тізім арқылы құжаттар қабылданады. Яғни, құжаты мақұлданған азаматтарға қызметтер көрсетіледі. Ал, жеке тұлғалар мұндай қызметтерді электронды Үкімет порталы арқылы алуына болады.
Бұл тұрғыда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрбек Қайыржанов:
– Заңды тұлғалар алдын ала тапсырыс арқылы кезек ала алады. Біздің филиал жұмысын қайта бастағалы бері бірнеше адам түрлі мемлекеттік қызмет бойынша өтінім жасап үлгерді. Негізінен – заңды тұлғалардың көктемгі егіске қажетті автокөліктері, жылжитын және жылжымайтын мүлікті тіркеуге қатысты құжаттар қабылданады. Дайын құжаттарды электронды Үкімет порталынан онлайн тапсырыс беріп алуға болады, – дейді ол.
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына келер болсақ, қазір тек заңды тұлғалардың автокөліктері ғана тіркеуден өте алады. Маска режимі сақталады. Жеке тұлғалар мұндай қызметтерге портал арқылы онлайн тапсырыс береді. Қазіргі таңда мерзімі аяқталған жүргізуші куәліктерін ауыстыру, жаңа көлікті тіркеу қызметтері қолжетімді. Дайын құжаттарды сол жерден күнбе-күн алуға болады.
– Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылғаны жақсы болды. Осы уақыт ішінде автокөлікті қайта тіркеуге қою үшін қиналғанымыз рас. Осы орталық қайта жұмыс істей бастағалы менің бір танысым да жаңа көлігіне қажетті құжаттарды жылдам рәсімдеп алды, – дейді Көкшетау қаласының тұрғыны Асқар Шәріпов бізбен әңгімесінде.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар