Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа туған сәби коронавирустан аман - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа туған сәби коронавирустан аман

Ақмола облыстық туберкулезге қарсы динспансерінің жұқпалы аурулар бөлімшесінде коронавирустан емделіп жатқан 31 жастағы жүкті әйел дені сау сәбиді дүниеге әкелді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 31 жастағы әйел 13 мамырда Целиноград ауданының Қосшы ауылынан коронавирус диагнозымен Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерге жатқызылған. 16 мамырда салмағы 3100 грамм, бойы 52 сантиметр нәрестені өмірге әкелген. Сәби «таза аймаққа» ауыстырылып, COVID-19-ға экспресс және полимеразды тізбек реакциясына сынама алынды. Екі сынаманың да нәтижесі – теріс.
– Әйел еш қиындықсыз босанды. Шақалақтың анасын, туған-туыстарын және дәрігерлерді осынау қуаныштарымен құттықтаймын!–дейді туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігер Қасымжан Тәшіметов.
Жаңа босанған келіншекке облыс басшысы Ермек Маржықпаевтың атынан гүл шоқтары табыс етілді.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар