Мәскеуде өтетін әскери парадқа 12 елдің өкілдері қатысады

Мәскеуде өтетін Жеңістің 75 жылдығына арналған парадқа 12 елдің әскері қатысатынын хабарлады turkystan.kz.

Нақтырақ айтсақ, бұл туралы «Красная звезда» басылымына берген сұхбатында парадты басқаратын Құрылық әскерлерінің бас қолбасшысы, армия генералы Олег Салюков мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, парадқа Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Белорусь, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Сербия, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Молдованың өкілдері  қатысады.
Қызыл алаңда 13 мыңнан астам әскер сап түземек. Парадқа 234 заманауи және тарихи әскери техника және 75 ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылады. Парадтың оркестрінде 900 музыкант өнер көрсетеді. Жалпы алғанда, әскери парадқа 64 мыңнан астам әскер, 2,4 мың автомобиль, авиациялық және басқа да техника қатысады деп күтілуде.
Осыған дейін Ресей Президенті Владимир Путин коронавирусқа байланысты аталған іс-шараны өткізуді кейінге қалдырған еді. Осылайша 9 мамырда Ресей қалаларында тек  әуе парадтары мен мерекелік отшашулар болған еді. Кейінірек мамыр айының соңында мемлекет басшысы Жеңіс шеруі 24 маусымда өтеді деп мәлімдеді.
Сондай-ақ, Владимир Путин бұл күнді демалыс күні деп жариялады.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар