Депутаттыққа кандидат куәлігі табыс етілді

Облыстық сайлау комиссиясының кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына тіркелген кандидат жұртшылыққа таныстырылып, үміткерлердің куәлігі табыс етілді.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуовтың төрағалығымен өткен отырыста сайлау комиссиясының хатшысы Николай Политкин Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Нұрлан Бекенов туралы жан-жақты баяндап берді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Нұрлан Жексембайұлы Бекенов Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының басшысы болып қызмет етеді. Ол 1961 жылы туған, Ақмола облысының соңғы 10 жылдағы тұрақты тұрғыны, қойылған барлық талаптарға сай келетінін жоғары білімді, білікті басшы. Зооинженер, бухгалтер-экономист, экономика магистрі тәрізді үш жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1982 жылы бұрынғы Көкшетау облысының Тернов кеңшарында бастаған. Қаржы саласында мол тәжірибесі бар. Ұзақ жылдар Ақмола облысының қаржылық бақылау басқармасы басшысының орынбасары, «Қазақстан халық банкі жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның Ақмола филиалының директоры, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қаржылық бақылау комитетінің сапаны бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарған. 2011 жылдың тамыз айында Ақмола облысы ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болды. 2017 жылдың 31 шілдесінен соңғы қызметке тағайындалғанға дейін жаңадан құрылған Ақмола облысы бойынша мемлекеттік сатып алулар және коммуналдық меншік басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2020 жылдың 13 маусымында облыстық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеу жөнінде Нұрлан Бекеновтың атынан өтініш келіп түсті. 15 маусымда өткен Зеренді аудандық мәслихатының және Көкшетау қалалық мәслихатының сессияларында депутаттар бірауыздан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының

депутаттығына Нұрлан Жексембайұлы Бекеновтың кандидатурасын ұсынды.

Облыстық сайлау комиссиясының отырысында барлық комиссия мүшелерінің қолдауымен қаулы қабылданып, Нұрлан Жексембайұлы Бекеновке Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына үміткер куәлігі берілді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар