Өте қорқынышты!

қазақстандық дәрігер КВИ-дің зардабы туралы айтты

Қазақстандық дәрігер Тимур Лесбеков «Халық алғысы» медалін марапаттау сәтінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұрын-соңды болмаған қазіргі коронавирус пандемиясының зардабы туралы айтып берді

Тимур Лесбеков елордадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының бөлімше басшысы. Ол еңбек еткен 15 жыл ішінде мұндай қатерлі әрі тез дендеп кететін індетті көрмегенін жеткізді

–Бүгінгідей қатерлі пандемия салдарын көрмедік. Бұл коронавирустың ерекшелігі – балаларымыз бен ата-аналарымызға зиянын келтіріп жатыр. Бүгін таңертең өз әріптесімді жансақтау бөліміне орналастырдым. Бұл өте қорқынышты. Біздің үнемі жұмыста болып, отбасымыздан жырақта жүргеніміз үшін емес, вирустың шекараға бағынбайтыны қорқынышты. Науқастарды көрер жарығы бар немесе үмітсіз деп бөліп жатқан жоқпыз. Барлығын бірдей емдеуге тырысудамыз,– деді медицина қызметкері.

Дәрігердің айтуынша, коронавируспен күрес арқылы едәуір тәжірибе жинақтапты және ең бастысы, вирусты жеңу мүмкіндігі бар дейді. «Мұнда бір ғана дәрігерлердің еңбегі жеткіліксіз. Тұтас халықтың бірігуі маңызды. Коронавируспен күрес – әр адамның міндеті. Осылай ғана қатерлі ауруды жеңе аламыз. Бүгінгі марапат үшін, азаматтарымызды қорғау мүмкіндігі үшін шын жүректен қуаныштымын» деді дәрігер.

Ы.ШАМШИЕВА.

 23 total views,  2 Views Today

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар