Ырысы ортаймайды

Еліміздің бас қаласын сапалы да қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі Нұр-Сұлтан алғаш елорда мәртебесін иеленген жылдарда-ақ күн тәртібіне қойылған болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сол кездің өзінде Үкіметтің, Ауыл шаруа­шылығы министрлігі мен қала әкімдігінің алдына «Астананың азық-түлік белдеуін құру» туралы кешенді міндет қойды.

Азық-түлік белдеуі құрылғаннан бері осы бағдарламаны жүзеге асыруға облысымыздың барлық аудандары атсалысып келеді.  Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласының сауда орындарына облысымыздың 130-дан астам кәсіпорындары ауыл-шаруашылығы тауарларын тұрақты жеткізуде. Елорда тұрғындарына ақмолалық тауар өндірушілердің өнімдерін тікелей жеткізу бойынша «AQMOL» фирмалық дүкендер желісі құрылды. Осының нәтижесінде елорда тұрғындары нарық бағасынан 15-20 пайызға арзан азық-түлік өнімдерін сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Бүгінгі таңда 5 дүкен жұмыс істейді. 2019 жылы мұнда жалпы құны 495 миллион теңге болатын 290 тоннадан астам азық-түлік өнімі сатылды. Елорда агломерациясын дамыту шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының шыға берісінде және кіре берсінде «AQMOL» сауда желісін кеңейту жоспарда бар. Осы күні елордаға жеткізіліп жатқан тауарлардың көбісі «AQMOL» дүкендер желісі мен 44 сауда орнында сатылуда. Күн сайын облыстың кәсіпорындары 80 тонна ет пен ет өнімдерін, 200 тонна сүт өнімдерін, 700 мың дана жұмыртқа және 25 тонна ұн жеткізеді.Азық-түлік белдеуі құрылғаннан бері осы бағдарламаны жүзеге асыруға облысымыздың барлық аудандары атсалысып келеді.  Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласының сауда орындарына облысымыздың 130-дан астам кәсіпорындары ауыл-шаруашылығы тауарларын тұрақты жеткізуде. Елорда тұрғындарына ақмолалық тауар өндірушілердің өнімдерін тікелей жеткізу бойынша «AQMOL» фирмалық дүкендер желісі құрылды. Осының нәтижесінде елорда тұрғындары нарық бағасынан 15-20 пайызға арзан азық-түлік өнімдерін сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Бүгінгі таңда 5 дүкен жұмыс істейді. 2019 жылы мұнда жалпы құны 495 миллион теңге болатын 290 тоннадан астам азық-түлік өнімі сатылды. Елорда агломерациясын дамыту шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының шыға берісінде және кіре берсінде «AQMOL» сауда желісін кеңейту жоспарда бар. Осы күні елордаға жеткізіліп жатқан тауарлардың көбісі «AQMOL» дүкендер желісі мен 44 сауда орнында сатылуда. Күн сайын облыстың кәсіпорындары 80 тонна ет пен ет өнімдерін, 200 тонна сүт өнімдерін, 700 мың дана жұмыртқа және 25 тонна ұн жеткізеді.Үкімет бекіткен елорданың айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру бойынша Жол картасы шеңберінде 2021 жылға дейін 4900 басқа арналған 4 тауарлы сүт фермасын ашу жоспарланған. Сондай-ақ, тамшылатып суару жерлерінің көлемін 18 мың гектарға жеткізу мәселесі де назарда. Елордаға жеткізілген азық-түлік өнімдері «Метро», «Астықжан», «Магнум», «Рамстор» және «Еуразия», «Әлем», «Шапағат» тәрізді 44 ірі сауда орындарында сатылады.Үстіміздегі жылдың алты айында 14 мың тонна ет және ет өнімдері жеткізілді. Облыстағы ет өндіруші ірі кәсіпорын «KazBeef» компаниясы Метр желісімен ет жеткізіп беріп тұру бойынша ұзақ уақытқа келісім-шартқа тұрды. Осының аясында жыл сайын премиум класты 5 мың тонна сиыр етін жеткізіп тұрады. Облыста бірінші кезекте Макинск құс фабрикасы іске қосылды. Өткен жылы кәсіпорында  25 тонна суытылған тауық еті өндірілді. Кәсіпорынның басты тұтынушысы Нұр-Сұлтан қаласы. Кәсіпорын келешекте өндіріс қуатын 100 мың тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр.Облыс елорданың сүтке деген сұранысының 34 пайызын жабады. Биылғы жылдың жартыжылдығында астанаға 64 мың тонна сүт өнімдері жеткізілді. Оның ішінде «Родина» агрофирмасы», «МилкПроджект» серіктестіктері және «Астана өнім» акционерлік қоғамы күн сайын 100 тоннаға дейін сүт өнімдерін тасымалдайды. Жалпы, 2019 жылы Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер ел астанасындағы базарларға 113,6 мың тонна сүт өнімін, 28,6 мың тонна ет және ет өнімдерін, 276,5 миллион жұмыртқа жеткізді. Үстіміздегі жылдың алты айында «Қазгер құс», «Ижевский» өндірістік кооперативі» «Үш бұлақ», «Агроинвест 2015» тәрізді серіктестер 137 миллион дана жұмыртқа жеткізіп, астаналықтардың жұмыртқаға деген сұранысының 94 пайызын жапты.Ақмола облысы республикадағы ірі аграрлы өңірлердің бірі саналады. Өңірде ұн тарту өнеркәсібі дұрыс жолға қойылған. Сондықтан, облыс елорда тұрғындарының ұнға деген сұранысын да толық жаба алады. Мәселен, 2019 жылы барлығы 293 мың тонна ұн шығарылса, оның 100 мың тоннасы елордалықтардың сұранысына қажетті. Ұн өндірісімен елімізге ғана емес, шетелге танымал «Урожай», «Интер Трайд», «Алақ» тәрізді серіктестіктердің ұн өнімдеріне елорда нарығында сұраныс жоғары.Бұдан бөлек, өткен жылы ақмолалық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 102 мың тоннадан астам картоп, (сұраныстың 92 пайызы), 30,3 мың тоннадан астам көкөніс (сұраныстың 30 пайызы) жеткізді. Нұр-Сұлтан қаласында картоп пен көкөніске сұраныстың жоғары болуына байланысты оның маңында 10 мың тонна өнім сақтайтын көкөніс қоймасы ашылды. Целиноград ауданындағы «Грин стар» серіктестігі, Аршалы ауданындағы «Еңбек 1» серіктестігі, Шортанды ауданындағы «Табиғат» серіктестігі 1 мың гектардан астам аумаққа ылғалдандыру әдісі бойынша қызылша, қырыққабат, сәбіз және картоп өсіруде.Облысымыздың ауыл шаруашылығы туарларын өндірушілер биылғы жылдың қорытындысы бойынша елордаға барлығы 100 мың тоннадан астам картоп, 30 тоннадан астам көкөніс жеткізуді жоспарлап отыр. Иә, бұл айтылғандар бүгінде тұрғындарының саны миллионнан асқан Нұр-Сұлтан жұртшылығын дер кезінде қажетті азық-түлікпен қамту бағытындағы жұмыстардың бір сарасы ғана. Жалпы, елордалық тұрғындардың тұтынушылық сұранысын үнемі қамтып отыру қажеттігін ескерсек, азық-түлік бел­деуін әрдайым жетілдіріп, дамыту да үзіліс­сіз үрдіс. Бұл ретте ақмолалықтардың аянып қалмасы анық.

Димаш  ТАЛАСБАЕВ,

Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар