Күл-қоқыс, тұрмыстық қалдықтарды кез-келген жерге төгу етек алып барады. Бұл – заңсыздық!

Қазіргі күні Ақмола облысының аумағында бірқатар экологиялық проблемалар бар. Солардың қатарында заңдық талаптарға сәйкес келмейтін тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының көбейіп отырғандығы алаңдатады.

Нақты деректермен сөйлесек, облыс аумағындағы жер актісі бар 130 осындай нысанның 25-і ғана Қазақстан Республикасының тиісті заңнамаларына жауап беретін рұқсатнама құжаттарына ие. Демек, экологиялық талаптар мен санитарлық ережелерге сай жұмыс істеп жатқан полигондар небары 20 пайызды құрайды деген сөз. Мұның өзі тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру мәселесін қиындатып, маңызды істің бақылаудан шығып бара жатқанын көрсетеді. Кез-келген жерді қоқыс қоймасына айналдыру фактілері де жоқ емес. Нақты деректермен сөйлесек, облыс аумағындағы жер актісі бар 130 осындай нысанның 25-і ғана Қазақстан Республикасының тиісті заңнамаларына жауап беретін рұқсатнама құжаттарына ие. Демек, экологиялық талаптар мен санитарлық ережелерге сай жұмыс істеп жатқан полигондар небары 20 пайызды құрайды деген сөз. Мұның өзі тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру мәселесін қиындатып, маңызды істің бақылаудан шығып бара жатқанын көрсетеді. Кез-келген жерді қоқыс қоймасына айналдыру фактілері де жоқ емес.Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау Комитеті мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰҚ» акционерлік қоғамы бірлесіп қолға алған шаралар көптеген келеңсіздіктердің бетін ашуда. Мәселен, 2019 жылы ғарыштан суретке түсіру арқылы облыстың Көкшетау қаласы және Зеренді, Бурабай, Целиноград, Аршалы, Шортанды аудандарының аумағында тұрмыстық қалдықтарды қорландырудың рұқсат етілмеген 1576 орны анықталды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдық актілеріне сай, қалдықтарды рұқсат етілмеген жерлерге орналастырған тұлғалар ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексінің 344 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл орайда, жеке адамдарға – 10 айлық есептік көрсеткіш, лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік нысандарына – 20, орта кәсіпкерлікке – 30 айлық есептік, ал ірі кәсіпкерлік нысандарына қоршаған ортаға келтірілген зиян көлеміндегі сомаға айып салынады. Сондай-ақ, келтірілген шығын көлемі 1000 айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда қылмыстық іс қозғалатынын еске саламыз.Бұған қоса, қалалар мен елді мекендер аумағын абаттандыру ережесін бұзуға жол бергендер ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексінің 505 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылады.Құқық қорғау органдары, жергілікті атқару және қоршаған орта мәселесі бойынша өкілетті органдар өндіру және тұтыну бағытындағы коммуналдық қалдықтарға қатысты экологиялық заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді.Жоғарыда аталған келеңсіздіктерге жол бермеуде қоғам мүшелерінің белсенді ұстанымы маңызды болмақ. Нұрбек Хамитов,Ақмола облыстық экология департаментінің мемлекеттік инспекторы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар